Түркістан облысы Сауран ауданының Шорнақ ауылында 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 70%-ы орындалды, жұмыс кестесінен кешігу жоқ. Құрылысты 2026 жылғы қарашада аяқтау жоспарланып отыр.
Қазір нысанда ішкі әрлеу, ғимараттың қасбетін қаптау және сыртқы инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа 40 жұмысшы мен үш бірлік техника жұмылдырылған.
Жоба бойынша жалпы ауданы 2354 шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат 1,27 гектар жер учаскесінде салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнда мәдени іс-шаралар өткізуге, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуіне және балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Құрылыс 2025 жылы басталды. Тапсырыс беруші – Сауран ауданының құрылыс бөлімі, мердігер – «Дос и К Сервис» ЖШС.
Анықтама үшін: конкурс қорытындысы бойынша жасалған шарттың құны – 1 775,5 млн теңге. Жобада көзделген құрылыс мерзімі – 17 ай. Техникалық қадағалауды «Universal Construction Expert» ЖШС, авторлық қадағалауды «Казинспроект» ЖШС жүзеге асырады.