4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Қоғам

Шардара: Құмар ойынға қарсы күрес: жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде қоғамда кең етек жайып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі – құмар ойындарға тәуелділік, яғни лудомания. Аталған дерт әсіресе жастар арасында жиі кездесіп, олардың өмір сапасына, психологиялық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде. Осы мәселенің алдын алу мақсатында Шардара ауданында бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шардара ауданы ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығы КММ-ның ұйымдастыруымен «Құмар ойын құрдымға апарады», «Құмар ойын әдет емес, дерт», «Құмар ойынның құрбаны болмайық» тақырыптарында 8 кездесу, сондай-ақ «Лудомания – қоғам дерті» атты 1 семинар-тренинг өткізілді.

Аталған шараларға жалпы саны 630 жас тартылды. Іс-шаралар барысында жастарға құмар ойынның зияны, тәуелділіктің белгілері және оның әлеуметтік, психологиялық салдарлары жайлы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар тарапынан ойынқұмарлықтың алдын алу жолдары мен тәуелділіктен арылу үшін қолжетімді ресурстар таныстырылды.

Жастармен өткен кездесулерге Жастар ресурстық орталығы КММ-ның басшысы М.Мусабеков те қатысып, ойынқұмарлықтың алдын алудағы қоғамның, ата-ананың және әрбір жастың жауапкершілігін атап өтті. Ол өз сөзінде:

«Құмар ойын – тек материалдық емес, рухани құндылықтарға да қатер төндіретін дерт. Жастарымыздың жарқын болашағы үшін біз мұндай теріс әрекеттерге тосқауыл қоюымыз қажет. Мұндай кездесулер – осы бағыттағы маңызды қадам», – деп атап өтті.

Жастар арасында теріс мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.


Шардара ауданы ішкі саясат бөлімі
Жастар ресурстық орталығы КММ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *