4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Қоғам

ШАРДАРА: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН «ЛУДОМАНИЯ – ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) зияны туралы түсіндіру және психологиялық көмек көрсету мақсатында Шардара ауданы №16 колледж студенттеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Шара «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыбында өтті.

Семинар-тренингке педагогика ғылымдарының профессоры Р. Әбдіразаққызы және Жастар ресурстық орталығының әдіскері Е. Әбдірахманова арнайы шақырылып, жастармен ашық пікір алмасу жүргізді.

Іс-шара барысында лудомания ұғымы, оның психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдарлары туралы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға бұл дерттің адамның тұлғалық дамуына, отбасылық қарым-қатынасына және болашақ өміріне келтіретін зияны нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Семинар қатысушыларына ойынқұмарлыққа бейім мінез-құлықтың алғашқы белгілерін тану, ондай жағдайлардың алдын алу, өз-өзіне сенімділікті арттыру және бос уақытты тиімді пайдалану жолдары бойынша практикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар, студенттерге арнап психологиялық жаттығулар мен тренингтер ұйымдастырылып, белсенді қатысуға мүмкіндік берілді.

Аталған іс-шара жастар арасында жауапкершілік сезімін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және тәуелділікпен күресудің тиімді жолдарын меңгеруге бағытталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *