4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Cаясат

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, салық базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстар жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Жетпісбаев пен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шоқан Ибраимов мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұрқанат Кеңесов есеп беріп, саладағы негізгі жұмыстар туралы баяндады.
Мәжіліс аясында инфрақұрылым, коммуналдық қызмет, ауыл шаруашылығы және экология салаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, туристік аймақтарды дамыту, ішкі көшелерді жөндеу, газдандыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар, тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайы, көгалдандыру мен суғару жүйелері, тамшылатып суару технологияларын енгізу, ағын су қарыздарын өтеу және зиянкес жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары кеңінен сөз болды.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев әр салада орын алып отырған негізгі кемшіліктерге тоқталып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тиімділік пен нәтижелілікке негізделген жұмысты күшейтуді тапсырды.
(с) Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *