5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +16°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Басты жаңалықтар

САПАЛЫ БІЛІМ – ӘР БАЛАҒА БІРДЕЙ МҮМКІНДІК

Түркістан облысында білім сапасын арттырумен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға басымдық берілуде. Басты мақсат – оқушының қай елді мекенде тұратынына қарамастан, сапалы білім алуына және қабілетін толық ашуына жағдай жасау.

Өңірде өткен оқу жылында 1 106 мектепте 554 973 оқушы білім алды. Білім беру ұйымдарының 87 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Сондықтан ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және заманауи білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету өзекті міндеттердің бірі болып отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сәйкес, облыстағы білім сапасы пәндер бойынша 69,4 пайызды құрап, бір жылда 1,2 пайыздық тармаққа өскен. Сонымен қатар қала мен ауыл арасындағы ішкі айырмашылық 1,9 пайызға дейін қысқарған. Білім беру жетістіктерін мониторингілеу нәтижесінде өңірдің орташа көрсеткіші 514 балл болып, республикалық деңгейден 16 балға жоғары болған.

Бұл нәтижелермен шектелмей, білім сапасын одан әрі жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, әр аудан мен қалада білім сапасының нақты картасын қалыптастыру, үлгерімі төмен мектептерге нысаналы әдістемелік көмек көрсету және пәндік олқылықтарды ерте анықтау көзделген.

Білім сапасын арттыруда оқу мәдениетін қалыптастырудың да маңызы зор. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ақпаратты талдау, өз ойын дәлелдеу және алған білімін күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамытуға көңіл бөлінуде.

Басты ұстаным – баланың болашағы оның туған жеріне, отбасының әлеуметтік жағдайына немесе мектебінің орналасқан жеріне тәуелді болмауы керек. Әр оқушыға сапалы білім мен тең мүмкіндік беру – өңірдің білім жүйесі алдындағы негізгі міндет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *