4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Аймақ

«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды

Түркістанда жаңа туристік нысан – «Қолөнершілер қалашығы» бой көтеруде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен қолөнер саласының өкілдерімен кездесіп, аталған орталықты дамыту, жұмысын үйлестіру бойынша кеңес өткізді. Жиында «Қолоөнершілер қалашығына» қатысты ұсыныстары мен жоспарлары тыңдалды. Тиісті орталықта қолөнершілер шеберханасын іске қосу бойынша жергілікті қолөнершілермен арнайы жиналыс өткізілген. Қолөнер шеберханасына қажетті құрал-жабдықтардың шығындары анықталды. Қажетті қаражат көлемі жоба бойынша 120,0 млн. теңге деп есептелді. Айта кетейік, бұл жоба 2023 жылы «Sun Holiday» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Қолөнершілері орталығының жалпы аумағы 2,3 гектарды, ал нысан құрылысы 1,5 гектар аумақты қамтиды. «Қолөнершілер қалашығы» – дәстүр мен туризм тоғысқан бірегей жоба. Туристік кешен 8 негізгі бөліктен тұрады. 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті бөлмелермен, орындармен қамтылады. Өңірдің және тұтынушының сұраныстарына қарай арнайы брендтік каталог тізбегі дайындалады. Сол каталог негізінде нарыққа кәдейсылар сатылымға шығарылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *