Астанада «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған форум өтті.
Бұл шара Ассамблеяның үш онжылдықтағы жетістіктерін саралап, еліміздегі бірлік, келісім және этносаралық татулықты нығайту жолында атқарылған жұмыстарды бағамдауға арналды.

Форумға Түркістан облысынан:

этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері;

ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері;

«Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері телекөпір арқылы қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ассамблеяның 30 жыл ішіндегі негізгі жетістіктері мен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жобалар жайында жан-жақты баяндама жасады.

Форум ҚХА-ның қоғамдағы рөлін күшейту, этносаралық татулықты сақтау және алдағы кезеңге арналған жаңа міндеттерді айқындау мақсатында ұйымдастырылған маңызды алаң болды.
Сонымен қатар Ассамблея жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы бейнероликтер арқылы таныстырылды.