Ол Құрылтайдың отырысында айтқанындай, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап елде әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде мұқтаждық қағидаты енгізіледі.
Оның сөзінше, қазір көпбалалы отбасылар табысына қарамастан бірдей қолдау алады, бұл әділетсіз. Жаңа тәсіл жәрдемақының 10 түріне қатысты болады. Тағайындау отбасының әл-ауқат деңгейіне, Сандық карта деректеріне байланысты болады.
2027 жылы бюджет үшін үнемдеу 700 млрд теңге мөлшерінде күтіліп отыр.