Қайрат Сатыбалды ұсталды

Бүгін «Қазақтелеком» ғимараттарында тінту жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты. Еске салсақ, “Қазақтелеком” АҚ-ның 24% акциясы Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі. Ал ол қомақты қаржыны жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Айта кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен қатарында. Forbes Kazakhstan…

Read More

ТҮРКІСТАН: ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ СУҒА ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау және суға шомылу маусымындағы сақтық іс-шаралары күшейтіледі. Бұл мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғалардың есебін тыңдап, қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. – Соңғы 3 жылда суға кеткен жағдайларға талдау жасап, оқиғалар суға кеткен көп тіркелген орындарда ескерту белгілерін орнатуды тапсырамын. Мектептерде түсіндіру…

Read More

Арбадағы азамат 12 жыл дегенде сәбилі болды

Түркістандық Ерлан Абдиевтің қайсарлығы көпке үлгі. Екі аяғынан жан кетіп, арбаға таңылса да азамат оған еш мойымай, тұңғышынан кейін  араға 10 жыл салып егіз балалы болды. Әріптесіміз оның осынау қуанышына куә болып қайтты. Ерлан Тұрсынбайұлы дәл осы сәтті қанша жыл күтті. Сондықтан өзіне екі бірдей перзент сыйлаған жарын перзентханадан думандатып қарсы алды. Ерлан Абдиев, қала…

Read More

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы

«Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осылайша, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы әрі жемісті диалог орнатуға ықпал етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мүшесі Ұлттық құрылтай құрамында табысты еңбек етіп, елдік бастамаларға өз үлесін қосып жатыр. Ассамблея сессиясы жыл сайын өтеді. Онда қабылданған шешімдерді мемлекеттік…

Read More

Гибридті білім – бұл біз ұмтылатын болашақ бола ала ма?

Қазіргі білім беру эволюциясының негізгі бағыттары – оқушылардың әлеуетін дамытуға және нәтижеге бағытталған оқыту, деп хабарлайды Turkistanzaman BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. Бұрынғыдай оқушылар сыныпта ұзақ уақыт отырып, бір ғана мәлімет көзінен білім алу тәсілі қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Оқушыларға онлайн және дәстүрлі білім беру формаларының элементтері бар жаңа, дербес, интерактивті оқу ортасы қажет. Бүгінде…

Read More

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті

Шымкентте апалы-сіңлілі екі қызды көлік қағып кетті. Оқиға таңғы сағат 8-дер шамасында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің бағдаршам бағанын соғып өтіп, тоқтағаны көрінеді. Полицейлердің мәліметінше, Hyundai көлігін мінген келіншек, екінші автокөлікпен қақтығыспас үшін рульді бұрып жіберген. Сол сәтте мектепке бара жатқан екі қыз бағдаршам түбінде тұрған екен. Зардап шеккен оқушы қыздар түрлі дене жарақаттарымен…

Read More

Өнім көлемі 635 млрд теңгеден асқан

Түркістан облысының бұл көрсеткіші республикадағы табыстың 12 пайызын құрайды. Бұл туралы брифингте облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Айтуынша, биыл ауа-райы ауыл шаруашылығына қолайсыз болғандығына қарамастан, агроөнекәсіп кешеніні   тұрақты дамып келеді. «Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 42,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы…

Read More

ТҮРКІСТАН: «САЯЛЫ САРЫАҒАШ» АНСАМБЛІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай, Сарыағаш ауданында «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблінің «Тұран рухы» атты шығармашылық кеші өтті. Ел тарихын бүгінгі күнмен ұштастырып, сазды аспаптар арқылы сөйлеткен өзгеше кешке Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, өнерпаздарға жылы ыстық ықыласын білдірді. Шығармашылық кешке Түлкібас ауданынан арнайы келіп өнер көрсеткен…

Read More

Әкімдердің рейтингі жолмен өлшенеді

Әкімдердің рейтингі жолмен өлшенеді. Бұл туралы өткен аптада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді. Ол халықтың жергілікті жолдардың сапасына көңілі толмайтынын айта келіп, әкімдердің рейтингін жол сапасымен өлшеуді ұсынды. Мамандар мұны жол саласындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бастама деп бағалап отыр. Елімізде техникалық қадағалаудан бөлек, мамандандырылған Ұлттық сапа орталығы бар. Осыдан 3 жыл бұрын құрылған….

Read More

Мақтааралда 1200 орындық зәулім мектеп салынды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын ауданда 1200 орындық зәулім мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы. Оқу ордасының жалпы алаңы 2,7 га құрайды. Ішкі спорт залындағы көрермендерге арналған 200 орындық орын бар. Ал мектептің асханасы 420 орынға есептелген. Мектеп толықтай соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталады. Қазіргі…

Read More