АРЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР “ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНДА” ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» күміс жүлдеге ие болып, өңір абыройын асқақтатты. Алдымен қалалық іріктеуде қарсыластарынан басым түсіп, облыстық кезеңге жолдама алған арыстықтар барлық аудандар мен қалалардың мықты командаларын жеңіп, республикалық додаға жолдама алған болатын. 12-19 мамыр күндері аралығында Астана қаласында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен…

Read More

Жамбыл облысындағы жарылыстан жарақат алған капитан ауруханада қайтыс болды

Өкінішке қарай, Жамбыл облысындағы әскери апат салдарынан көз жұмғандар саны тағы бір адамға ұлғайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Бұл азамат 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде ауыр жарақат алып, денесінің 85 пайызын…

Read More

Атырау облысында гүлдеген лотосты көруге келетін туристер саны көбейді

Атырау облысында гүлдеген лотосты көруге келетін туристер саны көбейді. Қазір лотос алқабына күніне 50-ге жуық турист келеді, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде лотостың гүлдену маусымы басталды. Лотос шілденің ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасады. Лотос 5 мың гектарды қамтитын алмақта гүлдейді. Оны көру үшін күніне 50-ге жуық…

Read More

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түлкібас ауданының түлектері мұқтаж отбасыға аудан орталығынан баспана сыйлады. Абай атындағы білім ордасы мен Б.Садықов және М.Ломоносов атындағы мектептерін 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер 13 млн теңгеге жуық қаражат жинап, соның 9 млн теңгесіне үй сатып алған. Кейін баспананы толық жөндеуден өткізіп, ішін қажетті жиһаз-техникалармен жабдықтап беріп отыр. Қасиетті жұма күні сауапты істі ұран қылған…

Read More

Е.Дауылбаев Шардарадағы әлеуметтік нысандар құрылысы мен абаттандыру жұмысын тексерді

Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Шардара ауданына арнайы іссапармен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Іссапар барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауданда туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жағажайға баратын жол құрылысымен таныстырды. Қазіргі таңда жолды тегістеп тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жоспарда жолға асфальт төсеп, жағажайға…

Read More

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» атты халықаралық симпозиум өтті. ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты, Түркістан облысының әкімдігі және университет бірлесіп өткізді. Симпозиумның негізгі мақсаты – түркі дүниесінің көне құқықтық дәстүрлерін, билер институтының тәжірибесін, дала өркениетіне тән әділет…

Read More

Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ: нысандарды реставрациялау, кешкі экскурсиялар және жаңа әуе рейстері

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі мәдени мұра және туристік инфрақұрылым нысандарын аралады. Әсіресе, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ерекше назар аударылды. Ермек Көшербаев реставрациялық жұмыстармен танысып, ескерткіштің тарихи келбетін сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде және…

Read More

Шығыс Қазақстанда 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ. Инфекция жұқтырған 8 адамның 7-уі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адам зиянкестен зардап шеккен. Оның 1000-ға жуығы 14 жасқа дейінгі бала.

Read More

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ТУЫМ»: ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ел көлемінде «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты дәстүрлі «Менің Елім – Менің Туым» республикалық акциясын ресми түрде бастады. Акцияның басты мақсаты – Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру, елдік сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, жастардың бойындағы патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайту. Партияның «Жастар рухы» жастар…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

               Түркістан қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандарының 300 тоннадан астам өнімі ұсынылды. Одан бөлек, қайта өңдеу кәсіпорындарының көрмесі мен «Ауыл аманаты» арқылы жүзеге асқан жобалар мен өнімдер таныстырылды. Көрмеге…

Read More