ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория мен федерацияның кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайырды қабылдады. Кездесуде өңірде футболды дамыту, жасөспірімдер мен жастар арасынан таланттарды тауып, үлкен додаға қосу мәселелері талқыланды. Облыс әкімі қазақстандық ойыншыларға мүмкіндік беріліп, қолайлы жағдай жасалуы керек екенін жеткізді. – Мемлекет басшысы футбол…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 80 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ КАНАЛ БЕТОНДАЛДЫ

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын 13 каналға реконструкция жасалды. Оның ішінде 76,3 шақырымы бетондалды, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Бүгінде каналда әрлеу және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп, аудандағы жалпы суармалы…

Read More

ТҮРКІСТАНДА УРАН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорны» ЖШС-нің «Оңтүстік Төртқұдық» жобасы аясында жаңа уран өңдеу зауыты іске қосылды. Зауыттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге, «KATКО» компаниясының бас директоры Паскаль Бастьен, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Атом энергетикасы жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, «Orano…

Read More

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ БАНАН ӨСІП, БАЛЫҚ БАҒЫЛАДЫ

Осы аптадан бастап Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев, Ұласбек Сәдібеков бүгін Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты. Парламент өкілдерінің жергілікті кәсіпкерлермен кездесулеріне «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан…

Read More

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА 170 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖҮГЕРІ АЛҚАБЫН СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН СУАРУДА

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі жаһандық маңызға ие болып отыр. Климаттың өзгеруі, жауын-шашын көлемінің азаюы және су тапшылығы – егіншілік пен мал шаруашылығы саласында жаңа тәсілдерді талап етеді. Осы тұрғыда еліміздің бірқатар өңірлерінде су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты жобалар жүзеге асып жатыр. Солардың бірі…

Read More

ВИЦЕ-МИНИСТР МЫРЗАШӨЛДІК ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су. Соңғы жылдары ауданымыздағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің тапшылығы орын алуда. Осыған орай Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Жетісай және Мақтаарал аудандарында ағын су ресурстарын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау, аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңдерге…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ СОЗАҚ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРЫП, АУДАН АКТИВІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Оған басқарма басшылары, аудан әкімі және өзге де жауапты тұлғалар қатысты. Өңір басшысы ауданды дамыту жұмыстарын жандандыру маңызды екеніне тоқталды. – Бүгін біз Созақ ауданын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Ауданның экономикасы…

Read More

51,1 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысындағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер телімдерін алып қою бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ведомствоаралық кіші топ тарапынан 2025 жылға облыс бойынша 110 мың гектар жер учаскелерін мемлекет…

Read More

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан өңірінде жобалық қуаттылығы 22 900 орынды құрайтын 29 жайлы мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 2024 жылы 13 жайлы мектеп ашылса, жыл соңына дейін 16-ы пайдалануға беріледі. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жайлы мектептердің директорларымен мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелер бойынша талқылау жүргізді. Жиында жаңа оқу жылында ашылатын жайлы мектептердің дайындығы, құрылыс сапасы мен талапқа сәйкестігі,…

Read More

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров “Resource Іnvest” компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде әріптестік орнату, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. – Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Ұсыныстарыңыз зерделеніп, тиісті шешім қабылданады, – деді Нұралхан Көшеров. “Resource…

Read More