7-20-25 дауы бітер емес

Шымкентте тағы да баспана дауы. 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы конкурстан өткендер тұрғын үйге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Өйткені осы мәселеге қатысты шудан кейін министрлік конкурс заңсыз өткізілгенін хабарлап, «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана несиесін рәсімдеуді тоқтатқан. Ал шенеуніктердің кесірінен далада қалдық деген жұрт алғашқы жарнасы төленіп қойған пәтерлерді беруді тоқтатпауды талап етіп отыр. Бағдарлама негізінде…

Read More

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында этнос өкілдерінің қатысуымен «Мәдениеттер калейдаскопы» экскурсиясы қолға алынған болатын. Аталған жоба аясында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасыys4 «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өңірдегі Ассамблея құрылымдарының өкілдері тарихи орындарды аралады. Саяхатқа шыққан арнайы топтың құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов, Сауран аудандық филиалының басшысы Исахан Әжіхан және Кентау…

Read More

Мұғалімдер өзін-өзі тану пәнінің алып тастауына қарсы

Түркістанда өзін-өзі тану пәні мұғалімдері бас көтерді. Мұның негізгі себебі 1 апта бұрын дәл осы пән негізгі сабақтар тізбесінен алынып тасталады деген ақпарат шықты. Сосын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеме жасады. Алайда бұл шешімге ұстаздар наразылық білдіріп отыр. Өйткені талай жылдан бері осы пәннен сабақ беріп, напақасын тауып келген оқытушылар жұмыссыз қаламыз ба…

Read More

Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ. Президентке алдымен қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығының іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды….

Read More

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Түркістан облысында егінге қажетті суды тиімді бөлу мақсатында вегетация кезеңіндегі күтілетін су көлемін ескере отырып, ылғалсүйгіш дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістанда 2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған отырыс өткізді. Жиынға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, су шаруашылығы ұйымдарының, жергілікті атқарушы және құқық…

Read More

«Алғашқы табысымды Қазақстанда таптым». Ресейлік миллиардер жүкті әйелдер мен ауыл балаларына 100 мың доллар бөлді

Танымал кәсіпкер Игорь Рыбаков еліміздің қайырымдылық жобаларына $100 мың доллар берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «Технониколь» корпорациясының иесі бірнеше жыл бұрын елімізде қызмет атқарған. «Жас кезімде Қазақстандағы құрылыс саласында жұмыс істедім. Сиыр қораларды салдық. Маған бұл жұмыс үшін 1300 рубльден артық төлеген еді. Бұл сол кезде өте үлкен ақша болатын. Мен алғашқы табысымды Қазақстанда таптым,…

Read More

366 сотталушыға рақымшылық жасалды

Қызылорда облысының түзеу мекемелеріндегі 366 тұтқын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық агенттігі Тengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталғандардың жеке істері “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңның ережелері мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді және жаңартылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 366 сотталған адамға…

Read More

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» білім беру бағыттары сұранысқа ие болды. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент және басқа да бағыттар сұраныста. Ендігі кезекте мемлекеттік…

Read More

Алаяқ туроператорлар: алаяқтардың құрбаны болмаудың жолы

Жаз – демалыс пен саяхат маусымы. Бұл уақытта шетелге немесе еліміз ішінде демалуды жоспарлаған азаматтардың көпшілігі турфирмаларға жүгінеді. Туроператорларға деген сұраныстың артуы алаяқтардың белсенділігін де күшейтеді. Олар өздерін туристік қызмет көрсетуші ретінде таныстырып, адамдарды арзан турлармен қызықтырып, кейін қаражатты иемденіп, байланыссыз қалады. Мұндай оқиғалар жыл сайын қайталанып келеді және оның құрбаны кез келген адам болуы…

Read More

Қазақстанда 3 миллионнан астам борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр

Қазақстанда некені бұзу туралы азаматтық істер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынжа жиі тіркеледі, ал 3 миллионнан астам борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасының басшысы Дамиля Хамитова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Д. Хамитова Президент Қасым-Жомарт…

Read More