50 келі күмісті жасырын алып кетпек болған
Қазақстан шекарасынан 50 келі күмісті жасырын алып кетуге тырысқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 21 тамызда шекарашылар Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Mercedes-Benz маркалы автокөлік салонын тексеру барысында орындық астынан полиэтиленге оралған күміс бұйымдарды тапқан. «Бұйымдардың жалпы салмағы 50 келі 516 грамм болған. Алдын ала бағалау құны 16 миллион теңге болды», –…