Ағаштар қурап бара жатыр

Түркістанды жасыл желекке айналдырып, климатын реттеу үшін шаһар 32 секторға бөлінген. Әрқайсына жауапты ретінде аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалар бекітілген. Олар көшеттерді отырғызып қана қоймай, шыбықтардың тамыр жайып, көктеуіне де жауапты. Десек те,  жұмыс жүйелі жүріп жатыр деуге келмейді. Себебі ағаштардың жайқалып тұрғаны шамалы. Көбі көктемей жатып, қурап кеткен. Мұның себебін тілшіміз Жандос Тастемір…

Read More

5000-дай адам жұмыс таппай жүр

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Өңірде таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеймін деген адамға 5500 жұмыс орны дайын. Бүгін Түркістанда өткен жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – сол орындарға маман іздеу. Аталған жәрмеңкеде қандай мамандықтар сұранысқа ие? Тілшіміз Әлия Мұқтарқызы тарқатады. Жылына төрт рет ұйымдастырылатын бұл жәрмеңкені асыға күтетіндер бар. Себебі қалада екі қолға бір күрек таппай жүргендер саны…

Read More

«Құрметті» азаматтың құны қанша?

Ол үшін бар болғаны 50 мың теңге төлесеңіз болды. “Құрметке” ие болып шыға келесіз. Мұндай даңқты оп-оңай жолмен иемдену және оны саудалау қаншалықты заңды? Ұзақ жылғы адал еңбекпен келетін мәртебенің құнын түсіріп жүрген кімдер? Саудаға салынған атақ кімге керек? Тілшіміз Жандос Тастемір тарқатады. Әйгерім Жұмабай біраздан бері өлеңін жинаққа шығаруды армандап жүр. Содан әлеуметтік желіден…

Read More

Індеттің беті қайтайын деді

Бүгінге дейін әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 230 миллионнан асты. Соның  5 млн.ға жуығы көз жұмған.  Ал елімізде 962 науқастың жағдайы ауыр. Елдегі және шет елдегі эпидемиологиялық жағдай қалай? Екпе салдыруға тұрғындардың пікірі қандай? Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатады. БЛИЦ:  «Бізде вацинасыз жұмысқа ешкімді қабылдамайды. Вакцинам бар, Құдайға шүкір». «Салдырдық. Өйткені қызметте сондай талап – әр…

Read More

Қош келдің, қашықтан оқу!..

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы карантинге жіберілді. Себебі, оқу жылы басталмай жатып 38 мұғалім мен 148 оқушы індет жұқтырған. Соңғы күндері бір емес, бірнеше сайтқа осындай ақпарат шыққан еді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мұны жоққа шығарып отыр. Әйтсе де, қаладағы Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушылары онлайн форматқа көшті. Қазіргі таңда мұнда 12…

Read More

Түркістан қаласының аумағы ұлғайды

Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайды. Яғни  құрылыс нысандарына бөлінген жер көлемі артты. Негізінен бұл жоспар 2020 жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы керек болған. Cәйкесінше, жерді ұлғайту жоспары мезгілінен ерте орындалып отыр.  Бұдан кейінгі қаланың бас жоспары 2035 жылы, үшінші кезеңі – 2050 жылы аяқталуы тиіс. Айдос ЗЕЙНОЛЛАҰЛЫ, қаланың Бас сәулетшісі:…

Read More

Депутаттар несие пайызын төмендетуді талап етті

Банктер қарыз алушының мүлкін тәркілеген кезде құнын кемітпеуі тиіс. Мәжілісте көтерілген бұл мәселеге Алматыда болған қанды оқиға сеп болды. Кепілдік арқылы несие алғандардың мүлкі қанша уақытта тәркіленуі керек? Бұл жайында тұрғындар не дейді? Нұрлан Сұлтанбек тарқатады. Банктер қарыз алушының мүлкін тәркілеген кезде бағалау құнынан 10-15 проценттен артық өзгертпеу керек. Бүгінгі мәжіліс отырысында осылай деген Андрей…

Read More

565 әке алименттен қашып жүр

Түркістан облысы бойынша 18 мың азамат алимент төлеуге міндетті. Әсіресе, соның 565-сі баласына беретін аз-кем өтемақыдан қашып жүрсе керек. Ал, қала бойынша алимент төлеушілер саны 1303 адам болса, жалтарып кетуге тырысқандар саны 150-ден асады. Балаларының алдында берешегі бар азаматтарды анықтау мақсатында, қалалық прокаратура өкілдері мен жергілікті жол полициялары рейд жүргізді. Нәтижесінде, мемлекетке қарыз азаматтардың көліктерін…

Read More

«Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес, Түркістан облысы ТЖ департаменті Алматы облысындағы осы іс-шараға қатысуда.  Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер…

Read More

Тойға рұқсат берілді

Мұндай шешім бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. “Жасыл” аймақ тұрғындары бұл жаңалықты қалай қабылдағаны жайлы тілшіміз Алия Мұхтарқызы тарқатады.   Бақдаулет пен Ақбота жақында ғана шаңырақ көтерген. Содан бері, ағайын-туыс, дос-жаранды қуанышына шақыра алмай жүрген жас жұбайлар той өткізуге ресми рұқсат берілгеніне дән риза. Бақдәулет ҚОСЫМ, қала тұрғыны: “Біз…

Read More