4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Қоғам

Қош келдің, қашықтан оқу!..

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы карантинге жіберілді. Себебі, оқу жылы басталмай жатып 38 мұғалім мен 148 оқушы індет жұқтырған.

Соңғы күндері бір емес, бірнеше сайтқа осындай ақпарат шыққан еді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мұны жоққа шығарып отыр. Әйтсе де, қаладағы Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушылары онлайн форматқа көшті. Қазіргі таңда мұнда 12 факультет, 10 мыңнан астам білім алушы бар.

Ардақ БОСТАНОВА, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті академиялық департамент директоры:

“Аралас форматта оқуды ұйымдастырдық. Аралас формат дегеніміз – онлайн формат. Ал практика лаборатория сабақтар бізде  офлайн немесе контакт түрде болады. Бірақ бірінші курстар мен екінші курстар толық онлайн форматта жалғастыруда.  Екінші курстағы медицина факультеті, инженерия, стоматология факультеті осы үш факультеттің студенттері бізде аралас форматта білім алуда”.

Білім бөлімінің мәліметінше, өңірде 26 оқушы мен 20 мұғалімнен індеттің белгілері анықталған. Сондай ақ, олармен байланыста  болған 566 бала онлайн оқуға көшкен. Бүгінде облыстағы 934  білім беру мекемесінің барлығы дерлік Ashyq жүйесіне енгізілген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *