Түркістандықтардың 90%-дан астамы екпе салдырған

Түркістан облысы тұрғындарының 90,5 пайызы короновирусқа қарсы екпенің 1-компонентін қабылдаған. Тамыз айының екінші жартысынан бастап республика бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтала бастаған. Оған коронавирустық инфекцияға қарсы егілгендер санының көбеюі әсер етсе керек. Бұл туралы брифингте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. «2021 жылдың 3 тамызы күні Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес бойынша «Ел үшін егілемін»…

Read More

96 автобус айып тұрағына қойылды

Қоғамдық көлік жылдамдығын шектен тыс асырғаны және жол ережесін бұзғаны үшін.  Ал тізгінде ұялы телефонмен сөйлескен 839 жүргізушіге хаттама толтырылған. Оның ішінде тіпті мас күйде рөлге отырғандар да бар. Тілшіміз Шынар Әділханқызы баяндайды. Қалада екі аптадан бері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Нәтижесінде жолаушыларды заңсыз тасымалдау бойынша – 27, жүк тасымалдау ережесін бұзу  бойынша 247…

Read More

Сенатор самокат қозғалысын қолға алуды талап етті

Өйтетіндейі бар, себебі жыл басталғалы 387 электр самокаты жол апатына сеп болған. Соның кесірінен 25 адам ажал құшып, 411-і ауыр жарақат алған. Осындай деректерді алға тартқан сенатор Нұртөре Жүсіп электр самокаттарды пайдалану ережесін заңмен бекітуді талап етті. Осы орайда ол Кеден одағының доңғалақты көлік қауіпсіздігі туралы техникалық регламентіне тоқталды. Құжатқа сәйкес, жалпы ортақ жолдарда жүретін…

Read More

Екі облысты жалғайтын 24 шақырым жол жөнделді

Түркістан облысы Созақ ауданы мен Жамбыл облысының Сарысу ауданын жалғап жатқан жол жөнделіп, пайдалануға берілді. Тозығы жеткен 24 шақырымды жаңарту 2020 жылдың тамыз айында басталған болатын. Ашылу салтанатына келген екі облыстың сала басшылары мен ақсақалдарының қуанышында шек жоқ. Айта кетейік, тапсырыс беруші – Түркістан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме – «Шымкентдорстрой» ӨК»….

Read More

Бес ауылға газ берілді

Енді Қазығұрт ауданына қарасты бірнеше ауыл отын тасып, көмір жағып күнелтпейтін болады.  Себебі Қызылсеңгір, Тұғыртас, Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарына табиғи газ берілді. Көп жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай келген жұртшылықтың қуанышында шек жоқ.  Аудан басшысы алдағы уақытта қалған ауылдарға газ кіргізу жоспарда екенін айтты. Көгілдір отынның келгеніне ерекше қуанғандардың бірі – он баланың…

Read More

Алма терем деп көз жұмды

Төлеби ауданы, Жоғарғы Қасқасу ауылында 21 жастағы жігіт тоқ соғып қайтыс болды. Тұрғындардың айтуынша, өрімдей жастың өліміне ескірген электр желісі себеп болған. Қалың бау арасындағы бағаналардың орнатылғанына 50 жылдан асса керек. Іріп-шіріген бағандар жел тұрса, құлайды. Содан қауіптенген ауыл тұрғындары жоғары кернеулі электр желісін  көше бойымен жүргізуді талап етіп отыр. Керімжан Сегізбаев 12 қазанда үлкен…

Read More

Отбасы пән ретінде оқытылуы мүмкін

Түркістан облысында ажырасушылар азайып, отау құрғандар көбейген. Бұл туралы статистика басқармасы баяндады.  Алайда жалпы еліміздегі жағдай керісінше, жыл санап жастар арасында шаңырағы шайқалатындар қатары артып келеді. Отбасы құндылығына төнген қауіпке алаңдаушылық білдірген мәжілісмендер басқосуда мәселені талқылап, қаралымға бірқатар ұсыныстар жіберді. Биыл жыл басынан бері елімізде 120 мыңға жуық адам ажырасуға арыз берген. Әсіресе, солардың ішінде…

Read More

Өлім жазасы алынып тасталды  

Бұдан былай терроризм, диверсия сынды қылмыс жасағандар өлім жазасына кесілмейді. Мәжіліс мұндай өзгерістер енгізілген заңды қабылдап та қойды. Соған сай, жазаның бұл түрі ҚР Қылмыстық кодексінің он үш бірдей бабынан алынып тасталады. Ал тиісті құжатты әзірлеген Бас прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, енді олар тек өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ендеше, бұл өзгеріс елімізде лаңкестік пен…

Read More

90 пәтер тұрғындары қараңғылық құшағында қалды

Түркістан қаласы №1 ықшамаудан тұрғындары бір аптадан бері жарықсыз отыр. 33 жыл бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үй жертөлесіндегі электр желісінің тозығы жеткен. Сондықтан жарық жалп етіп өшеді де қалады дейді тұрғындар. Тұрғын үй – жекеменшік. Алайда ай сайын коммуналдық шығындарды төлеп отырғанын айтқан олар 33 жыл бойы жалбырап тұрған электр сымдарын ретке келтіріп, құбырды ауыстырып…

Read More

Қысқа қарай жұмыртқа мен ет қымбаттайды

Азық-түлік апта сайын қымбаттап, инфляция өсіп барады. Осылай деген Үкімет басшысы Асқар Мамин әлеуметтік тауарлар бағасын тізгіндеуді тапсырды. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар қант, жұмыртқа, тауық пен сиыр етінің 10 пайыз қымбаттауы инфляцияның көтерілуіне қатты әсер еткен.  Елімізде соңғы бір айдың өзінде ет 1,3, өсімдік майы – 0,6, қант  1,1 пайызға қымбаттаған. Бұған тауық еті, жұмыртқа,…

Read More