Өгіз аяң интернетке қайтсек жан бітіреміз?

Мұның шешімін Үкімет сағатында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты. «Ұялы операторларға салынатын айыппұлды ұлғайтамыз. Сонда ғана ауылдардағы интернет байланыс жақсара түсетін шығар», – деді ол. Әйтпесе, елімізде 5 мыңнан  астам елді мекендегі интернет сапасы тым нашар. Оны жақсарту үшін желі жылдамдығын 3G-ден 4G-ге ауыстыру қажет. Бұл аздай спутниктік трансмиссияны алмастырып, желілерді жаңғырту да керек….

Read More

Қыс ауасы тұрғындарды бүрсең қақтырып отырған кім?

«Жылуға жарымай отырмыз». Түркістандағы «Отырар» ықшамауданы тұрғындары арнамызға осылай хабарласты. Мамандар жылуды қосуға уәде беріп, бірақ істі аяқсыз қалдырған. Бүгінде мұздай пәтерде бүрсең қағып отырған жұрттың жанайқайын Шынар Әділханқызы тыңдап қайтты.   Бастапқыда баспаналы болғанына қатты қуанғандардың қатарында Кәмшат Маруанова да бар. Алайда қазір ол қуаныштың табы да қалмаған, себебі берген үйлерінде бір күні жарық, бір…

Read More

Қаңғыбас иттер қаласына айналуымыз бек мүмкін…  

«Көше кезген қаңғыбас иттер үрейімізді ұшырды». Түркістандықтар осылай мұң шағуда. Бүгінде шаһарда 12 мыңнан астам қаңғыбас ит бар екен. Ал оларды аулауға қаражат жоқ деп отыр мамандар. Күздің қара суығы – мысықтардың мауығып, иттердің ұйығатын кезі. Жалғыз, жаяу жүрген адамды мысық тырнап, ит қабатын да дәл осы уақ. Қауіптің алдын алу мақсатында түркістандық ветеринарлар иесіз…

Read More

Алты мыңнан астам адам құжатсыз жүр

Бір ғана Түркістан облысында осындай 569 тұрғын бар екен. Ол аздай, күні бүгінге дейін КСРО-ның «қызыл паспортымен» жүрген 224 азамат анықталған. Ал 18 жасқа толған соң туу туралы куәлік алмағандар саны – 565. Мұндай дәйектер «Мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау» акциясы барысында белгілі болған. Мамандар жеке бас құжатынсыз жүретін азаматтарға…

Read More

Қорғансызды қауқарсызға күзеттіргеніміз қалай?

Мектепті зейнеткерлер күзетіп жүр. Олар не рация, не құқықбұзушыларды ұстауға қажет бірде-бір құралмен қамтамасыз етілмеген де. Алатындары – айына 70 мың теңге. Сенаторлар осылай дабыл қақты. Осы ретте тілшіміз қаладағы бірнеше білім ошағына барып, балалардың қауіпсіздігін кімдер күзетіп жүргенін көзімен көріп қайтты. Алпысты алқымдап қалған Закир Гарифуллин – мектеп күзетшісі. Оған дейін тұрақты еш жерде…

Read More

Президент TikTok-ты тиімді қолдануға шақырды

    Облыста болған  тұрмыстық жанжалдар Президентті де алаңдатты. Әсіресе, Шорнақ пен Қарабұлақтағы оқиға. Бастысы ұлтаралық қақтығыстың туындамауы. Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында заңсыз шеруге шығатындарға ескерту жасады. Ал араңдатушылыққа жол бергендерді қандай жаза күтіп тұр? Тоқаевтың  TikTok-ты  қолдауына не түрткі болды? Нұрлан Сұлтанбек баяндайды. Түркі жұртының рухани ордасында бүгінде тұрғындар саны 2 миллионнан…

Read More

Зағип жандар әлі Ленин жырын жаттап жүр

Өйткені Тәуелсіздікке 30 жыл толса да, елімізде заманауи туындыларды брайль қарпінде шығаратын бірде бір баспахана жоқ. Қолда бар оқулықтардың да мұқабасы мүжіліп, бедері бүлініп, әбден тозығы жеткен. Көзі көрмейтін алайда көкірегі ояу жандардың базынасын тілшіміз жеткізді.  Ержан Ибрагимовтың  21 ғасырда Ленинді мадақтаған өлеңді оқып  отырғандығын көріп түсінбестік туындауы мүмкін. Алайда зағиптарға арналған кітапханадағы қазақ тілді…

Read More

Шағын футболдан турнир өтті

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы бойынша аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті. Ұйымдастырушылар  Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы».  Турнирге орталық қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті. Ақтық ойынды арнайы келіп тамашалаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап,…

Read More

Жұмыртқа бағасы ұшқалы тұр

Себебі  үкімет келер жылдан бастап оның  бағасын еркін айналымға жібермек. Яғни, бұған  дейін мемлекеттен жұмыртқа өндірісіне беріліп келген субсидия тоқтайды. Соның кесірінен он жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге  жетуі мүмкін –  дейді сарапшылар. Қазір базарда бір жұмыртқа 45-теңге тұрады. Бұған дейін 35 теңгеден сатылып келген. Мемлекеттік қолдаудан қағылған кәсіпкерлер енді жұмыртқа бағасын екі есе көтеруге мәжбүр….

Read More

Түркістанға «Фариза» келді

Түркістан музыкалық драма театрында қазан айының 23-24 күндері “ФАРИЗА” спектаклінің премьерасы қойылады. Идея авторы және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова сахналық қойылымның өзге туындылардан айтарлықтай ерекшелігі бар екенін жеткізді. «Фариза» спектаклін қоюдағы басты мақсат – өрелі ақын, қоғам қайраткері, елімізге танымал тұлғаны халыққа терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интеллектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасында техникалық…

Read More