Отырар мен Сауран дүниежүзілік мұралар тізіміне енді

Дүниежүзілік мұралар тізімінде бірқатар өзгеріс енгізіледі. Олардың қатарына Сауран, Сығанақ, Отырар қалалары қосылады. Бұл туралы министр Ақтоты Райымқұлова баспасөз жиынында мәлімдеді. ЮНЕСКО қарамағына алатын қалалардың  талабына аталған тарихи жерлер мақұлданған. Енді ол жерлерде туристер легінің көптеп келуіне жағдай жасалады. Әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп, Түркістан облысының киелі жерлерімен танысады. Тарихы мен туризмі қатар дамып, әлемжұртшылығына кеңінен…

Read More

Тоя тамақ жеу арманға айналмаса болғаны…

Мәжіліс қабырғасындағылар азық-түлік бағасына әлі де алаңдаулы. Тіпті осы орайда олар арнайы бағаны реттейтін меморган бекітуді де ұсынды. Депутат Ғалым Әміреев осы мәселеге қатысты депутаттық сауалын  Роман Склярға жолдады. Тұрақтандыру қорларын қаржыландыру ұлғайғанымен, әзірге нәтиже көңіл көншітпей тұр. Халықтан басқа азық-түліктің қымбаттауынан хабар беретін ешкім жоқ деп депутат дүрлікті. Бұл сауалға бірде-бір ведомство бағаны болжаумен…

Read More

«Жарылғыш» сатқандар 72 мың 925 теңге айыппұл төлейді

Пиротехникалық заттарға тосқауыл. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында заңсыз отшашулардың саудасы қызады. Алайда тұтынушылар да, кәсіпкерлер де қауіпсіздік ережесін сақтай бермейді. Салдарынан өткен жылы дәл осы маусымда шоқты құрылғылардың қатысуымен оннан астам оқиға тіркелген. Мамандар оқыс жағдайлардың алдын алу үшін рейд жүргізуді бастап кетті.  Төтеншеліктер сауда орындарында жаңа жылдық безендірулер мен пиротехникалардың сату ережесін түсіндіруде. Алдын…

Read More

Жаңа жылдық безендіруге 50 млн. теңге бөлінген

Түркістан қаласының әкімшілігі Тәуелсіздік тойынан кейін шаһарды Жаңа жылға дайындауға кірісіп кетті. Бұған жергілікті бюджеттің бүйірінен 50 млн. теңге бөлінген. Миллиондарға түрлі-түсті жарық шамдар мен шыршаның ойыншықтарын сатып алған. Десе де әкімдік өкілдері өткен жылдан қалған жаңажылдық безендіруге арналған заттарды пайдаланып, қаржыны үнемдедік деп отыр. Жыл бойы жасыл аймақта болған Түркістан қаласы биыл жаңа жылды…

Read More

Шольц дәурені басталды

Германия канцлері болып сайланған Олаф Шольц алғашқы мәлімдемесін жасады. Социал-демократиялық партияның жетекшісі коронавирус пандемиясын еңсеріп, адамдардың қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ететіндігін жеткізді. Жаңа канцлер ол үшін жыл соңына дейінгі 30 млн доза вакцина салу жоспарын орындайтынын да жеткізді. Сондай-ақ, Шольц сыртқы саясат мәселесінде де, ел ұстанатын позициясын таныстырды. Әсіресе, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық саясатына тоқтау…

Read More

Қос мекеме қоқысқа таласып қалды

Кентау тұрғындары соңғы 4 айдан бері қос бірдей мекемеге тазалық үшін төлем жасап келген. Онысын кейін ғана біліпті. Жұрт екі түбіртек жіберіп отырған кәсіпорындардың біріне барса, есіктері тарс жабық тұрған.  Мәселені ешкім түсіндірмеген соң, шындық іздеп шырқыраған халық бүгін бас көтерді. Жауаптылар не дейді? Әріптесім Жандос Тастемір тұрғындардың базынасын тыңдап қайтты.  «Квитанция келеді соны аламызда…

Read More

Түрік ақшасы тұрақтай алмай тұр

Алғашында кезекті антиреккорд орнатқан валюта, бір долларға шаққанда 18, 36 лираға дейін құлдырады. Бұған себеп, Президент Режеп Эрдоғанның өз саясатын жалғастыруы. Түрік валютасы өз құнының 55 пайызын жоғалтып, ең қажетті тауарлардың бағасы шарықтап кеткен еді. Бірақ, Эрдоған күні кеше мәлімдеме жасап, жаңа экономикалық курс жүргізетінін жеткізді. Ол бойынша үкімет зейнетақы қорларына бөлінетін көмекті ұлғайтады. Эрдоған…

Read More

Түркістаннан көшіп кетушілер күрт көбейген

Жыл басынан бері Түркістан облысынан 18 167 адам көшіп кеткен. Бұл өңірде туу көрсеткіші жоғары. Одан өзге, 3 қалада тұрғындар саны өскен Мәселен, Нұр-Сұлтанда 44 411, Алматыда 38 959, ал Шымкент қаласында 32 655 адамға артқан. Сондай ақ, табиғи өсім мен көші қон азайған өңірлер де бар. Бұл бестікте Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарымен, Ақмола,…

Read More

100 startup жобаның жұлдызы жанбақ

Өзбекстанда «Ташкент жастар форумы-2021» іс-шарасы өтуде. Форумға өзбек елінің түкпір-түкпірінен келген 15 мың белсенді жас пен елордамыз Нұр-Сұлтан мен  түркі елдерінің рухани астанасы Түркістаннан арнайы делегация қатысуда. Бастамашыл жастардың басқосуына Ташкент шаһарының әкімдігі мұрындық болып отыр. Форумның мақсаты- екі елдің белсенді, іскер жастарының басын қосып, олардың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету. Іс-шара соңында үздік деп…

Read More

Ұшақ билеті 9 000 теңгеге дейін арзандайды

2022 жылы Қазақстанның алты елді мекеніне, соның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді орындайтын әуе компаниялары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. Тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды. «2022 жылы Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе…

Read More