4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қоғам

Жаңа жылдық безендіруге 50 млн. теңге бөлінген

Түркістан қаласының әкімшілігі Тәуелсіздік тойынан кейін шаһарды Жаңа жылға дайындауға кірісіп кетті. Бұған жергілікті бюджеттің бүйірінен 50 млн. теңге бөлінген. Миллиондарға түрлі-түсті жарық шамдар мен шыршаның ойыншықтарын сатып алған. Десе де әкімдік өкілдері өткен жылдан қалған жаңажылдық безендіруге арналған заттарды пайдаланып, қаржыны үнемдедік деп отыр.

Жыл бойы жасыл аймақта болған Түркістан қаласы биыл жаңа жылды жалындатып, жарқыратып атап өтпек. Басқасын айтпағанның өзінде тек көшелерді жарықшамдар және шыршалар орнатуға қала бюджетінен 50 миллион шығындамақ. Қала тұрғындарының сөзіне сенсек, мұндай безендірулер көне шаһарда бұрын-соңды болмаған көрінеді.

Айта кетейік, облыс орталығында әзірге 7 көшеге ғана осындай жарықшамдар қойылған екен. Сондай-ақ қосымша 3 нысанда шыршалар орнатылмақ. Атап айтқанда, Әкімшілік іскерлік орталығында,  рухани мәдени орталығында, және жеңіс саябағында қойылмақ.

Мейрамбек Момбек, қалалық әкімдіктің  инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің сектор меңгерушісі:

«Түркістан қаласын безендіруге 50 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржының ішінде тек жарықшамдар ғана емес, шыршалар мен жалаулар да бар».

Ал Шымкент қаласының әкімдігі желтоқсан айындағы мерекелерде қаланы жай ғана безендірудің өзіне 100 миллион теңгеден астам қаражат жұмсамақ. Бұл туралы ақпарат құралдары мәлімдеді. Ірі лоттарды әкімдік мемлекеттік сатып алу порталына шығарған. Сметалық құжатта жауаптылар бұл қаражатты үш мерекеге бөлетінін атап өткен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *