Құмар ойынның құрбандары көбейді

Құмар ойын құрбандары күн санап артып келеді. 2021 жылғы статистиканы сөйлетсек елімізде 400 мыңға жуық азамат ойын құмар екен. Ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңге. Еліміздің ойын бизнесі туралы заңының өзі букмекерлік кеңселерді кәсіпкерлік нысан ретінде қарастырады. Сондықтан болар, біреудің кәсібіне өзгелер нәсібін жығып беріп отыр. Есімін атамауды сұраған бұл азамат 5 жыл…

Read More

Құлдықта қор болған ғұмыр

Сексуалдық құлдықта болған қыздар көмекке зәру. Қорлық пен зорлық көрген 6 әйел қазір Шымкенттегі дағдарыс орталығын паналап жүр. Соның бірі – өзбекстандық Нигора. Ата-анасы оны 10 жасында жыныстық құлдыққа сатып жіберген. 9 жыл бойы зорлыққа шыққан өзбекстандық қыз Шымкенттегі азапты жылдарын баяндады. Нигора 9 жылы бойы тозақта болдым дейді. Оны небәрі 10 жасында ата-анасы сатып…

Read More

Екпе іздеп шекара асуда

Ақылы екпені ала алмаған азаматтар шет елге сабылуға мәжбүр. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина алу үшін қазақстандықтар көрші Қырғыз Республикасына, Өзбекстанға, тіпті Түркия асуға тура келеді. Өткен жылы Файзер вакцинасы ақылы салынады деген ақпарат желдей есіп еді. Бұл жай қауесет емес экс министр Алексей Цойдың айтқаны. Алайда бұл уәде орындалмады. Өткен жылдың шілде…

Read More

Жалғызбасты әке баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында  жалғызбасты әкеге көмек көрсетілді.  Қадыр Құлсариев бұған дейін көмекке мұқтаж екенін айтып, біздің арнаға  жүгінген еді. Құрылыс алаңында күзетші болып істейтін оның жалақысы мардымсыз. Тапқаны қос ұлының тамағына, киім-кешегіне, не жалдамалы пәтерінің ақысын төлеуге жетпейді. Қарызға батып қамыққан әкені қолдаған кімдер?  Назым Қайратқызы жалғайды. Қадыр Құлсариев, жалғызбасты әке: «Жұмыста бір мезгіл берілетін…

Read More

Әр шыршамен 700 келі оттегі келмеске кетіп жатыр

Кәсіпкерлер шыршаны заңсыз сатып жатқан жоқ па? Бүгінгі Сенаттың қорытынды отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев осындай сауал жолдады. Оның айтуынша кәсіпкерлер импорттық тауар деп өз жеріміздегі шыршаны отап жатуы мүмкін екен. Өйткені ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше Ресейден Қазақстанға биыл 78 мың, өзге ведомостваның дерегінше 106 мың қылқан жапырақты ағаш кіргізілген. Халық қалаулысы Қазақстанда шыршаны жаппай кесуге…

Read More

Азық-түлік арзандауы мүмкін

Биыл Қазақстанда инфляция рекордық көрсеткішке жетті. Бұған дейін 8,5 проценттік қымбатшылық болмаған. Мемлекеттің даму болжамына сәйкес, келесі жылы инфляция 4-6 процентке дейін төмендейді, яғни азық-түліктің бағасы да түсуі керек. Алайда кейбір экономистер бұл болжамды іске асыру мүмкін емес деп отыр. Елімізде қуаңшылық болғалы азық-түлік бағасының күрт қымбаттағаны баршамызға белгілі. Сондай-ақ астықпен қатар жанармайдың да бағасы…

Read More

Сәкен Бибосыновқа пәтер кілті табыс етілді

Жыл үздіктері анықталды. Облыстағы әр саланың кіл мықтылары марапатталып, бірқатары «Құрметті азамат» атағын иеленді. Жылды жетістіктермен қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев Түркістанның дамуына үлес қосқандардың еңбегін еледі. Жылдың нүктесін қойған салтанатты кеш жайында тілші материалында. Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сәкен үшін биылғы жыл табысты жыл болды. Токио олимпиадасында қола жүлдегер атанған ол әлем…

Read More

87 әкім сайланды

Түркістан облысында биыл 87 елдімекенннің әкімі сайланды. Оның 68-інде тұрғындар өз басшыларын тікелей таңдады. Қалғанында жанама сайлау өткен. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған науқанға қатысу үшін жалпы 236 кандидат тіркеліпті. Оның 139-ы өзін-өзі ұсынса, қалғаны – еліміздегі саяси партиялардың өкілдері. Бірінші рет сайланған әкімдердің саны 33 болса, орнына қайта жайғасқаны 35 азамат. Сайлауда…

Read More

«Жыл үздіктері» марапатталды

Спорттағы үздіктер анықталды. Түркістанда Республикалық және халықаралық деңгейде түрлі сайыстарда топ жарып, жүлде иеленген спортшылар марапатталды. Одан бөлек, олардың бапкерлерінің де еңбегі еленді. Сонымен қатар, алғыс хаттарымен, олимпиадалық резервтегі спортшыларды дайындайтын мектептер және аудандардың дене шынықтыру және спорт бөлімдері марапатталды. Бастысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері және Әлем чемпионатының жеңімпазы Сәкен Бибосынов өңірдің үздік спортшысы атанды….

Read More

569 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсті

1993 жыл 5 қараша. Дәл осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» бағдарламасы іске қосылды. Содан бері түлектер түрлі салада жетістікке жетіп жүр. Олардың арасында 12 вице-министр және түрлі деңгейдегі әкімдер бар. Ал биыл аталған бағдарлама бойынша грант 569 қазақстандыққа тағайындалды. Оның 163-і магистрант атанса, 4 адам үздік оқу орнының докторантурасына түсті. Ерасыл Төлебаев 17…

Read More