Тас зауыты суды құртты

Құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар ауылдың ішіп отырған суын құртты. Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ тұрғындары осылай дейді. Жер қойнауынан тас, топырақ, қиыршық қазатын кәсіпорындар қаптап кеткен. Соның кесірінен ауылға келетін су лайға айналып, деңгейі түсіп кеткен. Құдықтағы суды адам түгілі төрт түлік те іше алмайды деген олар зауыттардың жабылуын талап етті. Құрамына 12 ауылдык округ…

Read More

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі ресми түрде тоқтады

Дариға Назарбаева ресми түрде депутаттық мандатынан айырылды. Орталық сайлау комиссиясының ұсынысын мәжілісмендер бір ауыздан қолдады. Оның орнына Саясат Нұрбек сайланды. Ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелігіне енді. Болашақ бағдарламасының түлегі дәстүрлі ант беру рәсімінде сөзін «біссіміллә» деп бастап, елді елең еткізді

Read More

Сауран ауданындағы жайылым жердің жыры

Шорнақтық тұрғындардың бұлай ашынбасқа амалы жоқ. Өйткені, үш бірдей ауыл тұрғындарына деп бөлінген жердің көлемі бар жоғы 3 мың гектар. Ал, Заң бойынша кемінде 10 мың гектар болуы тиіс. Елді мекен жұртына тиесілі қалған 6 мың гектар алқапты бай-бағландар иемденіп алыпты. Кәсіпкерлер онда түрлі зауыт салып қоршап тастаған. Ауыл тұрғыны: «Сөздің ашығын айту керек. Біреулер…

Read More

Шымкентте 1000 үй бұзылады дегенді естіген тұрғындар шу шығарды

Шымкент әкімдігі бүтін бір шағын ауданды бұзып тастамақ. Онда 1000-ға жуық жер үй бар. Бұған келіспеген “Тұран” шағын ауданының тұрғындары әкімдік алдына жиналды. Наразылық білдірген ел жаңа үйге енді ғана көшкен едік деп ашынады. Тұрғындар айқайы: “Қашан халықты ойлайсыздар?”, “Сол компанияңызға Тараз бен Шымкенттің ортасындағы жерді беріңіз. До конца соқсын Таразға дейін. Зачем халық соғып…

Read More

Әлемдегі саяси ахуал шиеленісіп барады

Украина Президенті Зеленскийдің Еуропалық конгресте сөйлеген сөзінен соң парламент мүшелері аталған елдің туын, осылай бір минут қол шапалақтады. Олар спикердің Еуроодақ қатарына қосылу бастамасын қолдайтындығын, мәселені шұғыл түрде қарайтынын жеткізі. Ал, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сөзін бастаған жиынға қатысушылардың басым бөлігі залды шығып кетті. Одан бөлек Біріккен Ұлттар ұйымының жиынында да осы тәріздес…

Read More

Қазақстанға да санкция салынуы мүмкін

Қазақстанға да санкия салынуы мүмкін. Британ Парламентінің мүшесі Маргарет Ходж осындай ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, Әзірбайжан мемлекетіне де шектеулер енгізілуі ғажап емес. Жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша аталған елдер Путинді қолдайды. Ал Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Қазақстан мен Әзербайжанға қатысты бұл мәселені зерттейтінін жеткізді. Еске сала кетсек, Маргарет Ходж Қаңтар оқиғасы кезінде де Қазақстанға санкция…

Read More

Киевте телемұнара жарылды

Тек әскери нысандарға оқ жаудырамыз деген Ресей әскері Украина телемұнарасын жарды. Мақсаты да анық. Украиналық барлық орталық арналар сол ғимарат арқылы хабар таратады. Салдарынан телеарналар бірнеше сағат бойы жұыммысын тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда, кейіннен Перший, Ай-Си-Тиви секілді арналар жұмысын жандандырды. Владимир Зеленский болса, Батыс елдерінің басты телеарналарына сұхбат берді. Онда АҚШ және Еуропалық Одақ елдеріне…

Read More

1 миллион бауырсақ таратылды

1 Наурыз – алғыс айту күні. Мерекеге орай қала тұрғындарына 1 млн құрт және 1 миллион бауырсақ таратылды. Ал “Шымқала” этноауылында бәйшешек гүлі мен қарлығаштың алып бейнелері жасалды. Үшінші мегаполисте көктемнің алғашқы мерекесі тағы қалай тойланды? 1 миллион бауырсақ және 1 миллион құрт. Биылғы алғыс айту мерекесіне орай мегаполис халқына осындай сый таратылды. Қаланың 10-нан…

Read More

Ардагерлер алғыс айту күнінде сенбілік өткізді

Көктемнің алғашқы күнінде Түркістандық ақсақалдар сенбілікке шықты. Жыл жаңарған тәулікте олар қолына күрек ұстап, аулаларды абаттандырып, ағаш отырғызды. Игі шараға 30 дан аса адам қатысты. Бұл бастама алдағы уақыттада жалғасын табады дейді Түркістан ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жұмаділлә Кішібаев. Жұмаділлә Кішібаев–Түркістан қалалық ақсақлдар кңесінің төрағасы: «Бүгін қазақстан халқын алғыс айту күнімен құттықтаймыз. Бүгін айналаны қоқыстан тазарту…

Read More

Созақтық аналар мереке қарсаңында алғысқа бөленді

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен бірге 1 наурыз «Алғыс айту» күні аналарға құрмет көрсетті. Көпбалалы аналарға орамал мен сый-сияпаттар табысталды. Аудан басшысы Шолаққорған ауылындағы 10 баланы дүниеге әкелген 86 жастағы Ғайрынса Әдішова мен 96 жастағы Ұрқан Аймұқанбетқызының шаңырағанда болды. Ардақты аналар аудан басшысына, ақ баталарын берді. Айта кетерлігі,…

Read More