Әлемде теңдесі жоқ жерасты мешіті салынбақ

Түркістанда «Қылует» рухани орталығының іргетасы қаланды. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, дін өкілдері, кәсіпкерлер мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов қатысып, жұртшылықты сауапты істің басталуымен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев игі бастаманың маңызына тоқталды. «Бүгін іргетасы…

Read More

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі су үнемдеу шаралары туралы баяндады. – Мемлекет басшысының су үнемдейтін озық технологияларды жедел енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыста кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Су үнемдеу жүйелерін қолдану ағын суды екі есеге дейін үнемдеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін үш есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Түркістан…

Read More

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

Президент Жолдауын іске асыру аясында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленеді, деп хабарлайды TurkistanzamanҚазАқпарат сілтеме жасап. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осындай мәлімет берді. «Денсаулық сақтау саласында еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұдан басқа, медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы кешенді…

Read More

Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады?

30 тамыз – Конституция күні. Осыған орай қазақстандықтар тамыз айында қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ . Конституция күні сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, тамыздағы демалыс күні дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстырылды. Осылайша, қазақстандық мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.

Read More

Елордада № 60 автобус жаңа көпір арқылы жүреді

19 тамыздан бастап № 60 бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ. City Transportation Systems мәліметінше, тұрғындардың көптеген сұрауы бойынша және көліктік қызметті жақсарту мақсатында, 19 тамыздан бастап № 60 бағдары Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын болады….

Read More

ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН СУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында болып, жұмыс барысын бақылады. Жалпы, 2 гектар аумақта орналасқан база мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар. Сонымен қатар Нұрбол Тұрашбеков параболалық лоток өндірісінің құрылысын аралады. Мұнда қажетті құрылғылар орнатылған. Жұмыс аяқталуға…

Read More

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Саммит барысында мемлекет басшылары қазіргі халықаралық жағдайды, өңірдегі қауіпсіздік ахуалын және ұйым…

Read More

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын түсіндіру және ондағы негізгі міндеттерді насихаттау мақсатында Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар мен жастар қатысты. Кездесуді аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Жолдауда көрсетілген басымдықтардың ел дамуы…

Read More

Тұмса табиғат апат алдында тұр

Осыдан алты жыл бұрын Түлкібас ауданының табиғаты тамаша жерінен құм-тас карьерін ашқан кәсіпкер енді цемент зауытын салып жатыр. Кен орнының шаңына тұншықтық деген жұрт, енді цементтің тозаңына уланамыз,  – деп дегбірі қашып отыр. «Қазақстанның Швейцариясы» атанған өлкенің  экологиясы не болмақ? Тұрғындар наразылығын Нұрлан Сұлтанбек тыңдап қайтты. Өткен жылы мұнда химиялық зат шығаратын зауыт бой көтермек…

Read More

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі хабарлады. Павлодар полиция департаментінің экс-бастығы болған ол аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтарында 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған еді. Ол департаментті 2019 жылдың қарашасынан бері басқарған. Ал Нұрлан…

Read More