Түркістандағы туризм университетінің жабылуы ата-аналар арасында дау тудырды
Түркістанда жарнамасы жер жарып, студенттерді шақырған Туризм және меймандостық университетінен шу шықты. Бір топ ата-аналар мен студенттер оқу ордасының алдына жиылды. Айтуларынша, 2 факультетті алдын-ала ешкімге ескертпестен жауып тастамақ болған. 300-ден астам студент мұнда арман қуып, еліміздің әр түкпірінен келген. Олардың арасында Севина Уахаповада бар. 2 курс студенті оқыған факультеттері жабылады деген хабарды естігенде төбемізге…