Шардаралық диқандар 5300 тонна қарбызды экспорттап үлгерді
Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды. Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлеріне аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан…