4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Өзекті мәселе

Электронды шылымды тұтынушылар көбейген

Қазақстанда оқушылар мен студенттер жиі пайдаланатын вейптер мен стиктерді сатуға және шегуге тыйым салынады. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осылай дейді. Оның сөзінше, қазір елде қыздырылатын темекіге ешқандай салық жоқ. Ал оның құрамындағы никотин темекіден 2,5 есе көп дейді мамандар. Сондықтан Мәжіліс бұл өнімдерге акциз салу туралы шешім қабылдады. Бірақ бұл Бұл заң электронды темекі саудасына тосқауыл бола алады ма? 

Электронды темекінің саудасы қызғаны сонша, ол Түркістандағы кез-келген азық-түлік дүкендерден табылады. Сөреде түрлі-түсті мұқабасы, сан түрлі дәмі бар жарнамаланған “вейп” толып тұр. Бағасы 2-3 мың теңгеден басталады. Сатушылар сұраушының жасына да сұрамайды. Қайта қалай қолданылатынын айтып, жарнамалап тұр.

Мәжіліс депутаттары вейптер мен стиктерді сатуға және шегуге тыйым салмақ. Өйткені елде қыздырылатын темекіге ешқандай салық жоқ екен. Сондықтан Мәжіліс бұл өнімдерге акциз салу туралы шешім қабылдады. Оларға кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70% мөлшерінде алым енгізіледі. Қаулы қабылдау барысында 1 шенеулік қалыс қалса,  1 депутат қарсы шықты. Нәтиже ойдағыдай шықты ма, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов әзілдесіп үлгерді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Қатысқандар 99 депутат, қалыс қалғандар – 1, қарсы шыққандар-1. Қайсыңыз қарсы білдірген? Темекі шегетіндер ма?

Ал депутат  Аманжан Жамалов бұл әзілдесетін мәселе емес дейді. Өйткені әлемде жыл сайын 7 млн адам темекі өнімдерінің салдарынан көз жұмады екен.

Аманжан Жамалов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымына сәйкес, стиктердің құрамындағы никотин мөлшері қарапайым темекімен бірдей зиянды. Сондықтан денсаулық сақтау туралы кодекске вейптарға қатысты түзету енгізілді. Түрлі иісті темекілерді Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. 

Ал дәрігерлер ағзаны улайтыны соншалық, жастар оны біраз уақыт өткен соң ғана сезеді екен. Алдымен, өкпе зақымдалады, кейін бауыр мен асқазанның жұмысы нашарлайды. Ең сорақысы – жүрек талмасына шалдығуы да мүмкін. Қолданыстағы заңнама бойынша Қазақстанда 21-жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын тұтынуға, сатуға тыйым салынған. Ал вейпті сатуға бүгінде әлемдегі 25 мемлекет заңмен ты¬йым салған. Енді бұл қатарға Қазақстан да қосылып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *