Кентауда мүгедектер наразылық білдірді
«Дәріханадан дәрі ала алмаймыз. Себебі онда бізге кіруге жағдай жасалмаған». Кентаулық бір топ мүмкіндігі шектеулі жандар осылай дейді. Айтуларынша, қалада мемлекеттік мекемені былай қойғанда, оларға базар аумағы мен дәріханаға бару мұң болған – деп хабарлайды, Turkistan24kz. Дәріханаға кіре алмау. Бұл кентаулық мүгедектердің бір ғана мәселесі. Бұдан өзге, түйіні тарқамаған бірнеше түйткіл бар. Мәселен, жәрдемақының аздығы…