Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. “Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне…

Read More

Ақмешіт ескерткіші тозып барады

Ордабасы ауданында мемлекет қорғауына алынған тарихи-сәулеттік ескерткіш тозып барады, – деп хабарлайды Turkistan24kz. Шұбар ауылдық округіндегі Ақмешіт ескерткішінің бүгінгі жағдайы көңілге қаяу түсіреді. Жаңғырту жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуінен сан ғасырлық тарихы бар нысанның күмбездерінен су өтіп, қабырғалары жарылып бастаған. Ишан базар мешіті 1803 жылы салынған. Содан кейін екі рет жаңғыртылған. Кеңес одағы ыдыраған тұста басталған алғашқы…

Read More

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болды. Енді қоңырау шалғандар жұртты алдап жүр деген несие беру мамандарын әшкерелеуге көмек сұрайды. Бұл туралы “КТК” телеарнасы сюжетінде айтылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алаяқ құрбандарының бірі Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны – Юрий Фоминых. Ер адамның айтуынша, оған телефон соққандар өзін Ұлттық банк қызметкеріміз деп таныстырып, интернеттегі алаяқтарды…

Read More

Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша “сары” аймақта

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Нұр-Сұлтан “сары” аймаққа өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап. 21 шілдедегі жағдай бойынша: “Сары” аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. “Жасыл” аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Read More

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі алынды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ, Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында “Төтенше жағдай туралы” Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың…

Read More

Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды. Мұрат Советайұлы 2017 жылы Алматыдағы ақылы автотұрақ қызметін ұсынған AlanParking ЖШС-ін басқарған. Оған қатысты іздеу ісі 20 шілде күні Алматы Экономикалық тергеу департаментінде тіркелді. Айт кетсек, 15 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаевты Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Алматыда ұстаған болатын. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты квазимемлекеттік…

Read More

ШҚО мектептерінің 80 пайызы аттестациядан өтпеді

Биыл бірінші жартыжылдықта өңірдегі 80 білім беру мекемесіне мемлекеттік тексеру жүргізілген. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады. Аттестациядан тек 16 (20%) мектеп өтіп, 64 білім беру мекемесі өтпей қалған. Бұл туралы облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мәлімдеді. Ведомство қызметкерлері бірқатар кемшіліктерді анықтапты. Облыс мектептерінде ресми түрде 344 бұзушылық бар деп танылды. Айталық оқу жоспарлары мен…

Read More

Рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адам ұсталды

ҚМА рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамды анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап. ҚМА мәліметінше, 14 шілдеде ҚР ҚПК-ның 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына мына азаматтар қамалған: Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған; Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған; Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;…

Read More

Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын дайындады. Құжат “Ашық НҚА” сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір. Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылу,…

Read More

Путиннің денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарға пікір білдірді, – деп хабарлайды TurkistanZaman РИА Новостиге сілтеме жасап. “Оның денсаулығы жақсы. Америкалық және ұлыбританиялық, сондай-ақ украиналық ақпарат “сарапшылары” соңғы айларда президенттің денсаулығы туралы түрлі “өсек-аяң” таратып жатқанын білесіздер. Бұл “өсек-аяңнан” басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз”, – деді Песков. Бұл…

Read More