4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Білім

ШҚО мектептерінің 80 пайызы аттестациядан өтпеді

Биыл бірінші жартыжылдықта өңірдегі 80 білім беру мекемесіне мемлекеттік тексеру жүргізілген.
Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Аттестациядан тек 16 (20%) мектеп өтіп, 64 білім беру мекемесі өтпей қалған. Бұл туралы облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мәлімдеді.

Ведомство қызметкерлері бірқатар кемшіліктерді анықтапты. Облыс мектептерінде ресми түрде 344 бұзушылық бар деп танылды. Айталық оқу жоспарлары мен кестелерінің сәйкес келмеуі, тәрбие жұмысының нашар ұйымдастырылуы, бейіндік оқытудың нашар іске асырылуы. Сондай-ақ білім алушылардың дайындық деңгейі де талапқа сай болмай шықты.

26 мектеп электронды күнделікті толтыруды елемеген. Сегіз меткепте тамақтану пункті жоқ. Тағы үш медициналық кабинеттің лицензиясы болмай шықты.

Аттестация барысында өңірдегі балабақшалар да тексерілгенін айта кетейік.

Балабақшаларда да кемшілік аз емес. Мәселен жұмыс жоспарында сәйкестік жоқ, пәндік-дамытушылық орта жоқ, «мектепке дейінгі оқыту» мамандығы бойынша педагогтардың үлесі төмен, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу жоспарлары іске асырылмаған, тәрбиеленушілердің дамуына мониторинг жүргізілмеген, оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптар сақталмаған және топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасақталмаған, – деп мәлімдеді облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтова.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *