Жүгенсіз кеткен жарнама етек-жеңін жиятын болды

Қателіктен көз сүрінеді. Түркістан облысында жыл басынан бері 135 жарнамалық кемшілік анықталған. Күні кеше мәжілісмендер дәл осы ономастика жөнінде сөз қозғады. Енді елді мекендердің тарихи атаулары тек мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Бұдан бөлек, бланкілері мен баннер мен жарнамалық атаулар, тіпті мейрамханадағы ас мәзіріне дейін қазақша болуы қадағаланады. Сауатсыздыққа жол бергендерді қандай жаза күтіп тұр? Нұрлан…

Read More

VIP нөмірлерге 6 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар көліктің VIP-нөмірін сатып алуға былтыр 6 млрд теңге жұмсады. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрыңғы сомадан 2 миллиард теңгеге артық. Жалпы темір тұлпардағы VIP сандардың құны нөмірлер мен әріптердің комбинациясына байланысты 174 591-ден 872 955 теңге шамасында бағаланған. Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды және сата алмайды. Сондай-ақ, автокөлік сатылған жағдайда иесі нөмірді…

Read More

ВАК карантин режимін жеңілдету жөніндегі бірқатар шешімді мақұлдады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысы өтті. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады. 1. 2021 жылғы 28 тамыздан бастап: «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына –…

Read More

Түркістанда тұңғыш рет детектив шығармалар байқауы өтпек

Дәлірек айтсақ, «Заң» газетінде бірнеше айдан бері жүріп жатқан Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының жүлдесі 24 желтоқсан күні киелі шаһарда табыс етіледі. Айта кету керек, «Заң» медиа-корпорациясы ЖШС-нің бастамасымен детектив шығармалар бәйгесі осымен төртінші мәрте өткізіліп отыр. Және биыл өте тартысты болып жатқанға ұқсайды. Себебі келіп түскен шығармалар бірінен бірі өтеді дейді ұйымдастырушылар. Айнұр…

Read More

Арыны қатты «Омикронның» ақыры қалай болар екен?..

Індет қайта күшіне мінді. Вакцина қабылдап, еркіндікке ерік берген әлем жұрты етек-жеңін қайта жинай бастады. Себебі «Амикрон» атты жаңа штамм шықты. Түркістан облысы да жаңа толқынның алдын алу үшін қызу дайындыққа кірісті. Бір ғана мысал, Шардара ауданына Файзер вакцинасының алғашқы 180 дозасы жеткізіліп, егу науқаны қарқынды жүргізілуде. Америкалық екпені бүгінде шардаралық 69 бала мен отыздан…

Read More

Жұмыртқа бағасы ұшқалы тұр

Себебі  үкімет келер жылдан бастап оның  бағасын еркін айналымға жібермек. Яғни, бұған  дейін мемлекеттен жұмыртқа өндірісіне беріліп келген субсидия тоқтайды. Соның кесірінен он жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге  жетуі мүмкін –  дейді сарапшылар. Қазір базарда бір жұмыртқа 45-теңге тұрады. Бұған дейін 35 теңгеден сатылып келген. Мемлекеттік қолдаудан қағылған кәсіпкерлер енді жұмыртқа бағасын екі есе көтеруге мәжбүр….

Read More

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

Түркістанда туризм маусымының ашылуына орай, 2 жарым тонна наурыз көже пісіріледі. Осылайша, Қазақстанның «Киннес» рекорды жаңартылмақ. Бұған дейін рекорд Астана қаласына тиесілі еді. Өйткені, елордада екі жыл бұрын 2100 литр наурыз көже дайындалған. Айта кетейік, келушілер туристік маусымның ашылуына байланысты ұлттық дәмнен 19-шы наурызда ауыз тие алады. Сонымен қатар, шаһарда «Түркістан-түркі әлемінің рухани астанасы» атты…

Read More

Петропавлға жаңа әкім тағайындалды

Руслан Әкімжанұлы Аңбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы turkistanzaman Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады. Руслан Аңбаев 1978 жылы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Целинное ауылында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2020 жылдың қазанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарған.

Read More

Шымкент пен Түркістан облысында жазда ауа райы қандай болмақ

«Қазгидромет» синоптиктері Түркістан облысы мен Шымкент қаласының алдағы жазға арналған маусымдық болжамын ұсынды. Жаз бірқалыпты ыстық болады деп күтіліп отыр. Алайда жоғары температура кезеңдері — +35-тен +39 °C-қа дейін, ал кей күндері термометр көрсеткіштері +45 °C-қа дейін көтеріледі деп болжанды. Жазда күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр да жауады, бірақ ұзақ уақыт бойы жауын-шашынсыз ашық ауа…

Read More

Мүгедектер мұңы

100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұратын Түркістан облысында бірде-бір сауықтыру орталығы жоқ. Ақылы ем де қабылдай алмайды. Себебі, кембағал жандарға төленетін жәрдемақының көлемі бар болғаны 36 мың мен 70 мың теңгенің аралығында. Көмекке мұқтаж жандардың шешілмеген мәселесі мұнымен бітпейді. Кентаулық Зухра Нұрмұхамедова он жылдан бері мүгедек бағып отыр. Дәрі-дәрмегі мен қажетті заттарды айтпағанда, сал…

Read More