Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірлердің барлық аудан, қалаларында жеке «Отбасын қолдау орталығы» КММ-дерін ашу туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар мен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсететін 17 орталық ашылды. Аталған орталықтардың қызметі Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында пысықталды.
ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН