Отанға қызмет ету – әр азаматтың ел алдындағы қасиетті парызы. Туған жердің тыныштығы мен ел қауіпсіздігін сақтау, қоғам тұрақтылығын нығайту – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Нағыз патриотизм – Отанды сөзбен ғана емес, нақты іспен сүю. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ел бірлігін бағалау және мемлекет дамуына өз үлесіңді қосу – азаматтық борыштың айқын көрінісі.