29 қазан 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 457,09
  • EUR 508,42
  • CNY 68,56
  • RUB 5,67
Жедел
Реализация Послания Президента: водовод с каскадом ГЭС мощностью 72 МВт будет построен в Туркестанской области Президент Жолдауын іске асыру: Түркістан облысында қуаты 72 МВт болатын су электр станцияларының каскады бар су құбыры салынады Олжас Бектенов: Послание Президента является самым содержательным программным документом на ближайшую перспективу Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат НАША ЦЕЛЬ — ПОСТРОИТЬ ПО-НАСТОЯЩЕМУ НАРОДНУЮ ЦИФРОВУЮ ЭКОНОМИКУ МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ АДАМДАРҒА БАҒЫТТАЛУЫ ТИІС В зале прибытия аэропорта состоялась краткая беседа Касым-Жомарта Токаева с Реджепом Тайипом Эрдоганом Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Турцию
Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат

Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” атты халыққа Жолдауында Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құруды басты мақсат ретінде айқындады. Оған қол жеткізу үшін еліміздің мол әлеуеті мен қазіргі заманауи инновациялық жағдайларда беріліп отырған орасан зор мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануымыз қажет. Президент жариялаған ауқымды “Халықтық құрылыс” бағдарламасы экономиканың барлық саласындағы түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға жол ашады. Жалпыхалықтық жоба жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді.

Бұл Жолдау – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат. Оны жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуіміз керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша мемлекеттік органдар басшылары баяндама жасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *