NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Дженсен Хуангтың Қазақстанға сапары туралы хабарлаймыз. Бұл компанияның технологиялары жасанды интеллекттің жаһандық дамуының негізін қалыптастырып отыр.
Технологиялық қоғамдастық үшін Хуанг нағыз «рок-жұлдыз» саналады. Ол әлемнің технологиялық болашағын айқындауға елеулі ықпал етіп отырған тұлға.
Оның Қазақстанға сапары еліміздің жаһандық технологиялық экожүйедегі келешегі зор серіктес ретінде қарастырылатынын көрсетеді. Ендігі маңызды міндет осы қызығушылықты нақты нәтижелерге, яғни жобаларға, инвестицияларға, мамандар даярлауға және Қазақстанда әзірленіп, халықаралық нарықтарға шығатын шешімдерге айналдыру.