Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «WOOSONG» БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «WOOSONG» БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
28 мая, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Сонг Кён Ким бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ашылатын халықаралық университетті уақтылы тапсыру, жұмысын бастау, құжаттарын реттеу, оқу процесін жүйелеу бағытындағы мәселелер талқыланды. Облыс әкімі бұл оқу ордасы аймақ үшін маңызды екеніне тоқталды. Әкімдік тарапынан міндеттемелер жоспарға сай орындалып жатқанын жеткізді.
📌– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүруде. Өзіңізге белгілі, 2024 жылдың 1 сәуірінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Республикасының арасында «WOOSONG» университетін құру туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бүгінгі таңда, университеттің құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Облыста университеттің ашылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы «Өңірлік іске асыру алгоритмі» бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігі тарапынан осы оқу ордасына 100 білім грантын бөлу жоспарлануда. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Кездесуде Сонг Кён Ким Түркістан өңіріндегі халықаралық университет аймақтың әлеуетін көтеруге серпін беретініне сенім білдірді. Шәкірттерге білікті ұстаздар, профессорлар білім беретінін мәлімдеді.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Республикасының «WOOSONG» 2024 жылдың 1 шілдесінде «Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы келісім жасалды. Құрылысты аяқталу мерзімі – 2025 жылдың 15 маусымы. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% орындалған. Филиалдың оқу бағдарламаларын анықтау, ҚР мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкестендіру, реестрге енгізу жұмыстары жүйеленуде. ІТ университеті 4 факультеттен тұрады және 2340 студентке дейін қабылдай алады деп күтіліп отыр. Студенттер «Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Төртінші дүниежүзілік ІТ өнеркәсіптік революция (ақылды зауыт)», «Мультимедиа және веб дизайн» факультеттеріне қабылданады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Студенттер үшін жергілікті жеке кәсіпкер есебінен 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын.
Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ» ФОТОБАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025
«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 августа, 2025
Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен ынтымақтастығы нығаюда

14 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ» ФОТОБАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ» ФОТОБАЙҚАУЫ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: 41 БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

saqnews.kz
26 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz