Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Некеге құруға байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар

Некеге құруға байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
saqnews.kzsaqnews.kz
4 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
17
VIEWS

Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынған, мұндай тыйым салу қандас-туысқандық араласулардың алдын алуға ықпал етеді және соның салдарынан болашақ ұрпақтардың денсаулығына жағымды әсер етеді. Қазақ қоғамындағы кез-келген үйлену тойы құда түсуден басталады.

Құдалық дегеніміз екі отбасының туыстық қатынасқа апаратын маңызды қадам, ал жалпы қазақ халқы үшін бұл маңызды дәстүр болып есептеледі.

Бұрынғы заманда екі отбасының құдаласуы үкі тағу салтыннан басталатын. Үкі тағу — керек болса бесікте жатқан қызға да (егерде қызды атастырып қойса) тағылатын. Үкі тағылған қыз – қыздың басы бос емес екенің білдіреді.Үкі тағу үшін қыздың үйіне, жігіт жақтан 4-5 адам барады. Қызға үкі тағылғаннан кейін, екі жақ келісімге келіп, құдалықтың нақты уақыты анықталады. Бұрын қызға үкі тағылса, қазіргі кезде қызға сырға тағылады. Қыз айыттырылғаннан кейін, екі жақ үшін маңызды сәт – құдалық басталады. Қыз жақтан құдалыққа 7 адам барады. Қазіргі кезде құдалыққа баратын адамдардың саны көбейіп кеткен. Бұрыңғы кезде құдалыққа көп адамның баруы әдепсіздік болып есептелетін. Құдалықта ең беделді адамды – бас құда деп атайтын. Жігіттің әкесі бел құда болып есептеледі. Жігіт жағындағы аға інілері, омыртқа құда деп аталады.Әйел адамдардың жасы үлкені құдағи болса, жасы кішілері құдаша болады. Қыз бен жігіттің інілері құда бала болады.

Екі жақ жиналғаннан кейін құдалықтың кәделері басталады. Кәде дегеніміз арнайы жасалатын дәстүрлердің жиынтығы Бірінші кәде «Киіт кигізу», құдалардың бір біріне құрмет ретінде, киім және т.б. қымбат бұйымдар сыйлауы. Екінші жасалатын кәде «Өлі-тірі». Өлі-тірі дегеніміз әруақтартардың ризашылығына сойылатын мал. Екі жақтың туыстық қарым қатынасы ұзақ болуы үшін, өлілердің алдында және тірілердің алдында ант береміз деп мал сояды. Кейін сойылған малдың еті құдалардың арасында тарқатылады.

Құйрық бауыр асату – қазақ халқында ежелден бері келе жатқан дәстүрлердің бірі. Дәстүрдің өзіне тән орындалу шарттары бар. Тойға келген құдаларға жасы үлкенінен бастап құйрық бауыр асатады. Ас – қойдың құйрық майы мен бауырынан дайындалады. Арнайы құдаларға арнап сойылған қойдың майы мен бауырды қонақтарға арнап пісіріп, жұқа тілімдеп кесіп әзірлейді. «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп құйрық бауырды қалыңдық пен күйеу жігіттің жеңгелері келген құдаларға әндетіп жүріп кезекпен өз қолдарымен асатады. Келген басқа қонақтар (мысалы, жігіт жақтың тойына келген қыздың туыстары) астан ауыз тиеді. Жеңгейлердің құйрық бауыр салынған табақшаларын бос қайтармас үшін, құйрық бауырдан дәм татқан әрбір қонақ оларға ырым жасап өз кәделерін береді. Бүгінгі күні ол ақшалай түрде беріледі. Бұл жаңа таныс болып жатқан туыстардың арасын жақындату мақсатындағы ырымдардың бірі.

Құйрық бауыр асату құдалық, той кезінде жасалатын басты әрі маңызды дәстүрлердің бірі және ол тек қазаққа тән. Сондықтан да, халық арасында «құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» деген сөз қалған.

Қыз ұзату — ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт-дәстүр. Қыз ұзату дәстүрі осы сөйлеммен шектелмейді. Қыз баланы болашақ жарына аттандыру үшін, бірнеше міндеттелген делік ұғымдар мен сатыдан тұрады.

Келін түсіру қазақ халқының маңызды дәстүрі болып саналады.Ал отбасын құрғысы келетін жастар үшін бұл маңызды қадам болып есептеледі. Бұрынғы заманда келін түсіру дәстүріне бүкіл ауыл қатысқан.Үлкен жиын болған. Келінге арнайы шашу шашылған. Ауыл тұрғындары келінге, отау тіккен. Шаңырақты бала шағалы, балалары ер жетіп өскен, салиқалы ана көтеру керек. Келін ауылға келгеннен кейін, оның бетіне шымылдық жабылады. Одан кейін түрін ешкімге көрсетпей, қайын атасынының үйіне кіргізеді. Келін үйдің босағасын оң аяғымен аттауы керек. Кейін атасына сәлем береді.Сәлем беріп болғаннан кейін, атасы келінге батасын береді. Атасы батасын бергеннен соң, келін отқа май құяды. Бұл да қазақтың ерекше ырымы. Бұл ырымның жасалуы — «Жаңадан түскен келін, үйге майдай сіңіп кетсін» деп құйғызады.Сосын келінді арнайы тігілген ақ отауға кіргізіп, оған шашу шашады.

Беташар дегеніміз келін түскенде жасалатын арнайы дәстүр. Келінің бетіне орамал жабылып, оның жеңгелері тігілген отаудан алып шығады. Сосын арнайы шақырылған жырау келеді. Жырау беташарға келген күйеу жігіттің жақын, алыс болған туыстарын, ұйқастап шумақтап атап шығады. Аттары аталған туыстар келінге сый ретінде ақша, мал мүлік береді. Бұл да отбасы құрайын деп жатқан жастарға, үлкен көмек болып есептеледі. Себебі қазақта «үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақал бар. Екі жастың үй болуын, жеңілдету мақсатында туыстары сыйлық береді. Бұдан кейін беташардың екінші бөлімі басталады. Екінші бөлімінде жаңадан түскен келіннің үй шаруашылығындағы міндеті, атқаратын жұмысы, өзінің туыстарымен қарым-қатынасын, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, үлкендерді, жолдас-жораны, қонақты сыйлауы сөз болады. Әдепті, сыпайы бол, өсек таратпа, өзінен үлкен болған адамдарды сыйла, ерінбей үйдегі жұмыстарды жаса деген сияқты өсиеттер айтылады. Беташар айтылып болған соң, жыршыға ат міңгізіп, үстіне шапан жауып жібереді. Беташар біткеннен кейін той басталады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқын алды: 3000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі

Келесі жаңалық

Сарыағаш диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісті

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

9 декабря, 2025
КЕЛЕС АУДАНЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

9 декабря, 2025
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Басты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

9 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

9 декабря, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

9 декабря, 2025

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

9 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

9 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Сарыағаш диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісті

Сарыағаш диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

saqnews.kz
2 декабря, 2025
0

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
2 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz