МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Маңызды өзгерістердің бірі – мемлекеттік қызметке іріктеудің толық цифрлық форматқа көшуі.

Енді конкурсқа қатысу рәсімдері толықтай «е-Qyzmet» жүйесі арқылы жүргізіледі.

Бұл:
* конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді;
* адам факторын азайтады;
* уақытты үнемдейді;
* мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікті арттырады.
Конкурс мерзімі бұрынғы 23–30 күннің орнына 5–7 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Конкурс кезеңдері:
* заңнаманы білуге арналған тест;
Тестте 55 сұрақ. /Кемінде 30 дұрыс жауапқа және әр заң бойынша кемінде 5 сұраққа дұрыс жауап беруі қажет/
* жеке қасиеттерді бағалау;
Жеке қасиеттерді бағалау 3 бағытта өтеді:
— басшылық, басшылық емес лауазымдар, тәжірибе талап етілмейтін төменгі лауазымдар.

Жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі бойынша кандидаттар:

• Шекті мәннен өтпеген жағдайда бір айда үш ретке дейін тапсыра алады.
• Шекті мәннен өтіп, нәтижесін жақсартқысы келген жағдайда үш айда бір рет тапсыра алады.

Нәтижелер 1 жылға жарамды.
Тесттен өте алмай қалған жағдайда айына 3 ретке дейін тапсыра алады

Конкурсқа ТОП-5 кандидат өтеді.
Іріктеу кезеңдері:
— басшылық лауазымдар үшін: эссе + онлайн сұхбат;
— басшылық емес және төменгі лауазымдар: практикалық тапсырмалар;

Барлық рәсімдер автоматтандырылып, прокторинг жүйесі қолданылады.

Бұл мемлекеттік қызметке іріктеудің әділ әрі ашық өтуіне мүмкіндік береді.

Тәжірибеде бос лауазымдардың конкурс жарияланбай
1 жылға жуық бос тұрғаны кездескен, ал бұл жүйеде егер лауазым
3 айдан артық конкурс жарияланбай бос болса, жүйе автоматты түрде конкурс жариялайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *