Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары барысында қазақ делегациясына көрсетілген қонақжайлық пен достық ілтипат үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге алғыс білдірді.
Жеделхатта Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге және барлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.