«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында физика және математика пәндері бойынша облыстық пәндік олимпиада сәтті ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Аталған зияткерлік дода «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК базасында өткізілді. Олимпиаданың ашылу салтанатында колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы және Білім беруді дамыту орталығы КММ-нің техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Казыбаева Манат Жаппарқызы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
Бірінші кезеңде қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, теориялық білімдерін сарапқа салды.
Екінші кезеңде күрделі есептерді шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттері мен пәндік құзыреттіліктерін көрсетті.
Байқаудың негізгі мақсаты — физика және математика пәндерінің мәртебесін арттыру, студенттердің ғылыми пәндерге деген қызығушылығын күшейту және терең білім алуға ынталандыру. Сонымен қатар, бұл шара дарынды жастарды анықтап, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды платформа болды.
Олимпиада жеңімпаздары төмендегідей:
Математика пәні бойынша:
І орын:
Ибрагимов Темір – Түркістан индустриалды құрылыс колледжі
Жетекшісі: Нұрметова Раушан
ІІ орын:
Қадырбек Аруна – Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі
Жетекшісі: Құттыбай Мөлдір
Тоғайбаев Эмир – «Арыстанбап» жоғары колледжі
Жетекшісі: Махсудова Мехринисо
ІІІ орын:
Бекеев Талғат – Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі
Жетекшісі: Асанова Нұркүл
Ерматова Аниса – №13 колледж
Жетекшісі: Орынбаев Ербол
Физика пәні бойынша:
І орын:
Исмаилжанов Азиз – «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Жетекшісі: Ташметов Улугбек
ІІ орын:
Бекасыл Үкібай – Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі МКҚК
Жетекшісі: Ж. Ергеш
Тасболатова Інжу – Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі
Жетекшісі: Ұшақбаев А.
ІІІ орын:
Еркебаева Шахзода – №14 колледж
Жетекшісі: Көбеева Перизат
Оңал Хабиба – №13 колледж
Жетекшісі: Аликулов А.
Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Қасымбекова тарапынан арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Олимпиаданың ұйымдастырылуына атсалысқан жетекшілерге, ұстаздарға және қатысушы студенттерге зор алғыс білдіреміз!
Білім – болашақтың кепілі. Жас зияткерлерге шығармашылық табыс пен биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз!
0:11 / 1:18




и ещё 3