Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Жылысу ауылдық округінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күндізгі рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында сауда және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарға темекі және алкоголь өнімдерін сатудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлерге арнайы үнпарақтар таратылып, заң талаптары түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.
#КүндізгіРейд #ЖасөспірімдерҚауіпсіздігі #ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу #ЗаңЖәнеТәртіп
КҮНДІЗГІ РЕЙД: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА