Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ: ШАРДАРАДА ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ: ШАРДАРАДА ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
1 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
7
VIEWS

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімен «Дін және мәдениет», «Ұлтаралық және дінаралық татулық» «Рухани құндылықтарының дамуы мен ел тарихын, салт-дәстүрі»  тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, аудандық мәдениет үйінің қызметкері С. Бегманов және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Жиында алғашқы болып сөз алған Қ. Ілесов еліміздегі конфессияаралық татулықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 18 конфессия және 3800-ден астам діни бірлестік өзара бейбітшілікте қызмет атқаруда. Бұл – Қазақстанның көпконфессиялы ел ретінде дінаралық келісім мен толеранттылықты алдыңғы орынға қойғанының көрінісі.

– Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы әр азаматтың ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Мемлекетіміз дін саласында бейтарап, зайырлы бағытты ұстана отырып, ханафи мәзһабындағы ислам мен православие христиандығының рухани мұрадағы тарихи рөлін таниды және өзге дін өкілдеріне де құрметпен қарайды, – деп атап өтті Қ. Ілесов.

Өз сөзінде теолог маман А. Данияров дін мен мәдениеттің өзара байланысы туралы терең талдау жасады. Оның айтуынша, мәдениет – адамның ақыл-ойымен, танымымен, рухымен қалыптасатын құндылықтар жүйесі. Қазақ мәдениетіндегі рухани тұғырлардың қалыптасуына ислам діні мен Құран ілімдерінің ықпалы зор болғанын тілге тиек етті.

– Қасиетті Құран Кәрім мәтіндеріне салыстырмалы сараптама жүргізу арқылы қазақ мәдениетіндегі рухани құндылықтар мен ислам діні арасындағы байланыс айқындала түседі. Қазақстанда дәстүрлі исламды сақтап, радикалды, жат ағымдардың алдын алу – басты міндеттеріміздің бірі. Бұл ретте мәдени-ағартушылық шаралар мен діни танымды арттыру жұмыстары үлкен рөл атқарады, – деді А. Данияров.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар дін мен мәдениеттің үйлесімділігі қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі екенін атап өтіп, мұндай кездесулердің жиі ұйымдастырылуы қажеттігін жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН «ЛУДОМАНИЯ – ҒАСЫР ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz