4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Денсаулық

COVID-19-бен ауырғандар арасында кең таралған қауіпті симптомның бірі – «Ми тұманы»

 

Каир университетінің неврология профессоры Амру Хасан коронавирустан жазылғандар арасында дәрілік заттармен де емдеуге келмейтін «ми тұманы» ауруы туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ИноСМИ-ке сілтеме жасай отырып.
Неврологтың айтуынша, «ми тұманы» – постковидтік синдромның бірі, бұл ауру адамды әлсіретіп, жүдетіп жібереді. Синдромға шалдыққан науқастың есте сақтау қабілеті мен зейіні нашарлайды. Бұл құбылыс адам бойында көбінше ковидтен жазылғаннан кейін де бірнеше ай сақталуы мүмкін.
Аталған симптом созылмалы аурулары бар егде жастағы қарияларда жиі кездеседі. Негізінен «Ми тұманы» көптеген аурулардың алғашқы белгісі болуы мүмкін, бірақ қазіргі таңда симптомның таралуы COVID-19-дан жазылғаннан кейінгі оңалту кезімен тікелей байланысты.
Неврология профессорының сөзінше, мұндай симптом кездесетін науқастарға арналған нақты дәрі-дәрмек жоқ. Тек бұл жерде біз жағдайды жақсартуға арналған жалпы ұсыныстар туралы айтып отырмыз.
Мамандар азаматтарға әдеттегі күн тәртібіне оралуға, белсенді әлеуметтік өмір сүруге және тамақтануға ерекше назар аударуға кеңес береді. Көкөністер мен жаңғақтар сияқты жадты жақсартатын тағамдарды диетаға енгізіп, зияткерлік ойындар ойнап, стресстен аулақ болу керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *