Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

«Baqytty Вala-2022» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы

«Baqytty Вala-2022» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы
28 июля, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
9
VIEWS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.  Осыған орай, 2022 жылдың 9-14 тамыз аралығында  «Baqytty Вala-2022»  ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтеді. Әлемнің 8 елінен келген 10-16 жас аралығындағы  талантты 20 жасөспірім Ақтөбеде өнердің қара шаңырағы – «Өнер орталығында» Бас жүлде үшін сайысқа түседі.

«Baqytty Bala» – Ақтөбе облысының брендіне айналған ерекше жоба. Байқау 2018 жылы облысымызда «Балалар жылы» деп жариялауына орай тұңғыш рет  өткізілді және жалғасын тауып ұйымдастырылып келеді. Байқауға қатысуға 2018 жылы 420, 2019 жылы 500-ден аса, 2021  жылы 180 өнерлі өрен ниет білдірді. Оның ішінде Қазақстан қалаларымен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Белорусь, Молдава, Түркия, Греция, Испания, Румыния, Польша, Канада мемлекеттері бар.

«Baqytty Bala -2018» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының Бас жүлдесін Нарғыз Жанұзақова (Ақтөбе қаласы) мен Ержан Максим (Нұр-Сұлтан қаласы),  «Baqytty Bala -2019» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының Бас жүлдесін Ислам Балкоев (Ресей қаласы) және Айкерім Тілеубек (Нұр-Сұлтан қаласы) иеленді. 2021 жылы Бас жүлдені Тараз қаласынан келген 13 жасар Айлун Заушева қанжығасына байлады. «Baqytty Bala-2021» байқауындағы ең қалаулы марапат Димаш Құдайбергеннің сыйлығы. Жас өнерпаз Димаш Құдайбергеннің шетелде өтетін жеке концертіне арнайы шақыртуды Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Адель Құнәділова алды. Шақырту ғана емес әлем мойындаған Димаш Құдайбергенмен бір сахнада тұрып ән салу мүмкіндігіне ие болды. Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне қатысып, онымен бірге ән салу мүмкіндігі Baqytty Bala байқауының бұған дейінгі қатысушыларына да берілген болатын. Baqytty Bala-2018  байқауындағы бұл номинация иегері ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова әншінің Лондондағы концертіне барды, ал, 2019 жылғы Гран-при иегері Әйкерім Тілеубек Нью-Йорк төрінде миллиондаған көрермен алдында Димашпен бірге ән шырқады.

️

Алдыңғы жаңалық

Қызылорда қаласының шеткі аймағын аяқ сумен қамту жақсарды

Келесі жаңалық

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ, АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

1 августа, 2025
Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz