Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлеміне қатысты заң жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, жаңа құжат өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігін азайтып, инфрақұрылымды дамытуға арналған қаржыландыруды айтарлықтай күшейтеді. Заң жобасы жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарын 2026-2028 жылдарға нақты көрсетіп, республикалық трансферттер мен субвенциялар…