5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Басты жаңалықтар

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының базасында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен «Болашақ атомы» атом ғылымы мен технологиялары бойынша халықаралық конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Атом саласы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның атом саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін, кадр даярлау және сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мен коммерцияландыру бағыттарын талқылау болды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері баяндама жасап, атом саласының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жөнінде пікірлерімен бөлісті.

«Қазақстанның бүгінгі атом саласы» тақырыптық блогы аясында қатысушылар атом саласы үшін кадр даярлау, ғылыми зерттеулер мен перспективалық энергетикалық технологияларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді енгізу және коммерцияландыру, отандық ғылыми ұйымдардың қызметі, сондай-ақ уран саласының өндірістік тізбегі мен сұранысқа ие құзыреттер мәселелерін қарастырды.

Конференция барысында сарапшылар мен қатысушылар арасындағы ашық диалогқа ерекше назар аударылды. «Қазақстанның атом саласын кім қалыптастырады?» атты пікірталас барысында саланы одан әрі дамытудағы кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Атом саласының маманына сұрақ қой» ашық микрофоны аясында қатысушылар сала өкілдері мен мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Конференция қорытындысы бойынша атом ғылымы мен технологияларын дамытудың өзекті бағыттары айқындалып, Қазақстанның атом саласының кадрлық және ғылыми-технологиялық әлеуетін қалыптастыруда мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сала кәсіпорындары мен жас мамандар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *