2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін тұтыну көлемі артты. Бұл деректер халықтың тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде алынды. Орта есеппен бір тұрғынға тоқсан ішінде 20,7 кг ет және ет өнімдері тиесілі болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 20,6 кг болған. Сүт және сүт өнімдерін тұтыну 57,2 литрден 58,1 литрге, жұмыртқа 52 данадан 54 данаға, көкөніс 18,3 кг 18,7 кг, картоп 11,3 кг 11,4 кг. дейін өсті. Сондай-ақ балық пен теңіз өнімдерін тұтыну 3,5 кг-нан 3,6 кг-ға дейін артты. Сонымен қатар, бірқатар санаттар бойынша төмендеу байқалды. Атап айтқанда, жарма және дәнді дақылдар өнімдерін тұтыну 31 кг-нан 30,6 кг-ға дейін қысқарды. Толығырақ оқу (https://stat.gov.kz/…/aza-standa-2026-zhyldy-i-to…/)
_Қазақстанда 2026 жылдың I тоқсанында негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты