4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Біртанов ісіне Мамин, Тоғжанов, Мусин және Дүйсенова куәгер болады

Бүгін экс-министр Елжан Біртановтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті – деп хабарлайды Turkistan Zaman ақпарат сайты BAQ.KZ сілтеме жасап.

Елжан Біртанов сот отырысында бірқатар лауазымды тұлғадан куәгер ретінде жауап алуға сұрады.

Қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді, бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованы қорғаушы куәгер ретінде шақыруды сұрады.  Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановты және  бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминді куәгер ретінде шақыруды сұраймын. Заң бойынша іске қатысты деректер мәлім кез келген тұлғаны куәгер ретінде шақыруға болады, – деді экс-министр. 

Сондай-ақ Біртанов Халықаралық қайта құру және даму банкінің денсаулық сақтау жобалары бойынша жетекші маманы Марсело Бортман мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің конкурстық рәсімдерді жүргізу, өнім берушіні таңдау, келісімшартқа отыру, қосымша келісімдер жасау, оны жүзеге асыру мерзімін ұзарту және оны аяқтау мәселелері бойынша жобаның бас маманы Бақтыбек Жұмаділді сот отырысына шақырып, жауап алуды ұсынды.

Сот отырысында судья Біртановтың ұсынысын қабылдады. Енді жоғарыда аталған тұлғалар Біртановтың сот отырысында куәгер болады.

Сот қатысушылардың пікірін тыңдай келе, айыпталушы Біртановтың ұсынысын қабылдап, айтылған тұлғалардан сот отырысында жауап алуға рұқсат береді, – деді судья.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *