4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Cаясат

Құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасалады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.

Біз құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасауды көздеп отырмыз. Бұл өзгерісті халықтың қолдауымен ғана табысты жүзеге асыра аламыз. Референдумның нәтижесі бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті. Алдымызда ауқымды жұмыс бар. Басты міндет – полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшу. Бұл – негізгі мақсат азаматтармен тығыз жұмыс істеп, қылмыстың алдын алу деген сөз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент құқық қорғау саласындағы әрбір маманның қызметі маңызды екенін айтты.

Құқық қорғау органдарының жұмысы – ауыр әрі қатерлі. Бұл саладағы әрбір маманның қызметі маңызды. Халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы – сіздердің адал қызметтеріңізге байланысты. Жұрт өздеріңізге үміт артады. Қауіпсіздігімізді қорғайды деп сенеді. Сіздер осы сенімді ақтап келесіздер. Құқық қорғаушылардың еңбегі қашанда жоғары сый-құрметке лайық.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *