4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Әлем

Ауғанстандағы жер сілкінісі болды

Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-ға жетіп, жараланғандар саны 600-ден асты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік қаза тапқандар саны тағы артуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Жаралыларды эвакуациялап, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін тікұшақтар жұмыс істеп жатыр.

Ел билігі шұғыл көмек алу үшін халықаралық гуманитарлық ұйымдарға жүгінді.

Америкалық сейсмологтар жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған дейді. Оның ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырымдай жерде болғанын нақтылады.

Қайтыс болғандардың көпшілігі елдің шығысындағы Пактика провинциясында.

Еске салайық, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері түнде, жергілікті уақыт бойынша 01:30 шамасында басталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *