4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Ақтөбеде “Гарант 24 Ломбард” пирамидасына қатысты айыпталушылар ұсталды

“Гарант 24 Ломбард” пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды. Ақтөбеде былтыр маусымда “Гарант 24 Ломбард”, “Выгодный займ” және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді, – деп хабарлайды “Диапазон”.

Басылым мәліметінше, қылмыстық істе 3786 том бар. Соттан барлығы 17 мың 268 жәбірленушіден жауап алуы керек. Сотталушылар саны – 48 адам, олардың 31-іне бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ ҚІЖК нормалары бойынша, сот бұл бұлтартпау шарасын бір жылдан аса уақытқа ұзарта алмайды.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, 9 маусымда сот 31 айыпталушыға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын үйқамаққа алуға өзгерту туралы қаулы қабылдады. Басқа облыстардан келген айыпталушылар үйіне бара алмайды. Олар сотқа қатысуы үшін Ақтөбеде үйқамақта болады. Уақытша баспананы үкімге дейін Ақтөбе облысының әкімдігі қамтамасыз етуі тиіс.

Еске салайық, 2020 жылғы ақпанда Ақтөбеде бірқатар ақтөбелік компанияның кеңселерінде ауқымды тінту жүргізілген болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *