4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Білім

1-сыныптар енді ағылшын тілін оқымайды

Қазақстанда оқушылар ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқитын болады.

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаеваның айтуынша, қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдау нәтижесі 1-сынып оқушысына бір мезгілде үш тілді үйрену қиын екенін көрсеткен.

“1-сыныпта бала жас ерекшеліктеріне сәйкес, ана тілінде тыңдауды, оқуды, сауатты жазуды, өз ойын айтып үйренуі өте маңызды. Осылайша, қазақ мектептерінде 1-сыныпта балалар тек қазақ тілін үйренеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерге келетін болсақ, онда орыс және қазақ тілдері оқытылады. Ағылшын тілі 3-сыныптан басталады”, – деді Тыныбаева.

Ведомство өкілі осы жаңалық туралы ақпаратты растады.

“Иә, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқушылар шет тілін 3-сыныптан бастап оқиды. Бұған дейін үш тіл (қазақ, орыс және ағылшын) мектеп бағдарламасына 1-сыныптан бастап енгізілген еді”, – деді БҒМ баспасөз қызметі өкілі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *